Сұрақ-Жауап. Кеңес

Семіздікті «ауыздықтаудың» тиімді әрі қауіпсіз тәсілі табылды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Семіздік – ХХІ ғасыр індеті. Аталмыш індетпен күресу дамыған елдерде стратегиялық мәнге ие бола бастады. Өйткені, семіздік ауқымдылығымен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін деңгейге жетіп қалды.

 

Семіздік – өзімен бірге түрлі кеселдерді (сусамыр, жүрек-қан тамырлары, т.б.) ерте жүретін созылмалы дерт. Яғни, осы заманғы денсаулық саласына ауыр жүк түсірген семіздік індетінің түрлі кеселге шалдықтыру сипатына байланысты метаболилік синдром ретінде таниды.

 

Яғни, семіздіктің себебінен зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын синдром: артық салмақтан жүрек-қан тамырларының аурулары, инсулинге сезімталдықтың төмендігі (сусамыр қатері), қан түйіршіктерінің (тромб) пайда болуы.

 

Әлем ғалымдары аталмыш індетпен күресу үшін артық майды пышақпен сылып алып тастауға дейін баратын радикалды емдеу шараларына дейін қолдануда.  Алайда, нәтижесі шамалы.

 

Бұл тарапта жатпай-тұрмай ізденген ғалымдар қимыл-қозғалысы аз осы заманғы адамға тән дерт ретінде онымен күресу стратегиясын өзгертуге тура келіп отыр.

 

Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Scientific Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Америкалық ғалымдар артық салмақпен күресудің мейлінше тиімді әрі қауіпсіз тәсілін тапты.

 

Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, бауырға ультрадыбыспен әсер ету арқылы тәжірибедегі тышқанның бойындағы семіздікпен байланысты бірнеше симптомды жоя алған.

 

Ғалымдар бұл тәсілді қалай тапты?

Ғалымдар ультрдыбыспен периферилік жүйке жүйесін (ми мен жұлынның шегінен тыс жүйке талшықтарының ұшы) стимуляциялаған кезде қабыну тоқтаған еді, созылмалы қабыну процесі семіздікке де тән екенін ескере келе бұл тәсілді артық салмақпен күресуде қолданып көруге бел буған.

 

Фото: Feinstein Institutes for Medical Research

 

Терапияда инвазивті емес хирургияда кеңінен қолданылатын ультрдыбыстық толқын пайдаланылды.

 

 

 

 

islam.kz

 




Көрілген: 1697    Пікірлер: 0

жұма, 12.03.2021, 19:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31