Сұрақ-Жауап. Кеңес

Серігіңіз төсек қатынасынан бас тартса...

  • https://majiang.ru/

    https://majiang.ru/

Бірге ғұмыр кешіп жүрген екі адамның бірінің төсекке деген ниетінің болмауы жиі кездеседі екен. Мәселен сіздің қалауыңызбен оның ниеті сәйкес келмей немесе «бүгін шаршап тұрмын» деген сөзді жұптар жиі естиді екен. Бұл сөздерді естімеу үшін ikerim.kz мамандардың кеңесін ұсынады.

 

Өз қалауыңызды серігіңізге ашық айтыңыз

 

Серігіңізден жалтарудың мүлде қажеті жоқ. Интимді өмірде өзіңізге не керек екенін ашық айту араларыңызды жақындастыра түседі. Оның да пікірін сұрауды ұмытпаңыз. Мүмкін ол да сізбен жақын болғысы келетін шығар.

 

Төсек қатынасына не кедергі болатынын анықтаңыздар!

 

Егер мұны сұрамасаңыз оның неге қашқақтап жүргенін ұға алмайсыз. Бәлкім ол стрессте болуы да мүмкін. Сонымен қатар жыныстық қатынастан жиі бас тартуына физиологиялық мәселері де әсер етуі мүмкін. Тым көп жұмыс істеп, өзгелер үшін алаңдап жүретін адамның да төсекке деген қалауы бола бермейді. Мұндай жандар бірінші кезекте демалып, жұмыс туралы ұмытып энергия жинауы керек. Оның құлшынысына кедергі келтіретін жайтты анықтаған соң, онымен бірге шешудің жолдарын қарастыру керек.

 

Оны сынамаңыз, керісінше құмарлығын оятыңыз

 

Серігіңіз сізбен болудан бас тартса, оны сөзбен кекетіп сөйлеп сынаудың, мінеудің қажеті жоқ. Ол сіздердің мәселеріңізді одан әрі ұшықтырады. Оның орнына жұбыңыздың сізге деген құмарлығы оянатындай ынтықтырыңыз. Оның қалауын орындап, жаны мен тәнін тыныштандырыңыз.

 

Оған не ұнайтынын тексеріңіз

 

Жұптың бірі үнемі жақын қарым-қатынасқа ұсыныс жасай беретін болса, оған көңіл мен махаббат жетіспеуі мүмкін. Өзіңізді қанағаттандыру үшін ол адамның көңілін аударуға тырсыңыз.

 




Көрілген: 1450    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.08.2020, 18:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31