Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ішпейді, ұрмайды, қыдырмайды. Неглект деген не және ол неге қауіпті?

23 желтоқсан 2022, 11:34

Зорлық-зомбылықтың бірнеше түрі бар. Солардың бірі - адамға психологиялық түрде әсер ететін зорлық "неглект" немесе елемеу. Неглекшілер нені елемейді және оларды қалай тануға болады? Психологтар бұл туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Doctorpiter.kz.

Неглект - психологиялық зорлық - "Серебро" тобының экс-солисі Катя Кищуктың ажырасуына себеп болды. Бұл мәселе туралы әнші әлеуметтік желілерде айтты, бірақ кейін ол жазбасын өшіріп тастады.

"Неглект - абьюздің ауыр түрі. Оны бірден анықтау мүмкін емес. Бетіңнен жұдырықпен ұрмайды... керісінше үй "алтын торын" сатып алады. Сіз онда отырасыз, ешкімді көрмейсіз ... олар сізге: "Қарашы, мен сені қалай баптаймын, қандай үй сатып алдым..." дейді. Сіз жұмыс істегіңіз келсе де, рұқсат етпейді. Бұл - барлық өтінішті елемеу. Сізді түсінбейді, құрметтемейді", - деді әнші Telegram-арнасында.

Неглект дегеніміз не, оны қалай тануға болады, ол неліктен қауіпті және серіктесіңіз сізді елемесе не істеу керек?

"Неглектің физикалық, эмоционал, қаржылық, әлеуметтік, білім беру және өзін-өзі елемеу сынды түрлері бар.  Осының бәрінде адам басқа адамдардың қажеттілігін елемейді", - деді психотерапевт Евгений Гиберт.

Физикалық түрде елемеу

Жолдасыңыз үй істеріне мүлдем араласпайды, бәрін екінші серігіне ысыра салғанды жөн көреді. Яғни, мұндай неглект еркектің айтуынша, әйел ақша тауып та, тамақ пісіріп те, үйді жөндеп те үлгеруі керек. 

Сондай-ақ, адам әдейі қарапайым гигиена ережелерін сақтаудан бас тартса, қарт туысына көмектесуді елемесе, бұл - физикалық неглект. 

Эмоционал неглект

Бұл зардап шеккен адамға эмпатия көрсетпеу немесе немқұрайдылық таныту. Егер сіз ренжігеннен жыласаңыз, ал досыңыз көз жасыңызға назар аудармай өз ісімен айналысса, бұл - дабыл сигналы.

Неглект неге қауіпті?

"Адамды елемеу, оған немқұрайдылық таныту - оның өзін-өзі бағалауға, психикалық және физикалық денсаулығына байланысты проблема тудыруы мүмкін", - дейді психотерапевт Евгений Гиберт.

massaget.kz