Сұрақ-Жауап. Кеңес

Сүйісу кезінде адамнан адамға қандай вирус жұғатынын білесіз бе?

  • Сүйісу кезінде адамнан адамға қандай вирус жұғатынын білесіз бе?

    Сүйісу кезінде адамнан адамға қандай вирус жұғатынын білесіз бе?

Адам баласы шамамен бүкіл өмірінің екі аптасын сүйіктісімен сүйісуге жұмсайды. Бұл көпшілік үшін жағымды екені даусыз. Алайда сүйісу арқылы жұғатын аурулар да бар. Осы ретте KAZ.NUR.KZ Рамблер сайтына сілтеме жасап қандай инфекциялардың жұғатынын анықтап көрді.

Әрбір адамның аузында миллиондаған микробтар кездеседі. Сондай-ақ тілде, қызыл иекте, тістің өзінде қауіпті инфекциялар болады.

Герпес вирусы

Медицина мамандары герпес вирусы (ұшық) ерінде пайда болатындықтан, оны қауіпті санайды. Бұл үш күннен жиырма күнге дейін жазылмай қоюы мүмкін. Дәрігерлер ұшық пайда бола салысымен мамандарға жүгіну керектігін ескертеді. Әйтпесе, жағдайыңызды ушықтырып алуыңыз мүмкін. Ұшығыңыз кетіп, ерніңіз өз қалпыңызға келгенше сүйісуден бас тартқан дұрыс.

Инфекциялы мононуклеоз

Бұл сүйісу арқылы ең көп берілетін ауру түрі. Мононуклеоздың белгілері баспа ауруына ұқсас келеді. Нақты диагнозды тек қан тапсыру арқылы анықтауға болады. Вирус қанға түсіп, бүкіл организміңізге тарап, ішкі ағзаларға зиянын келтіреді. Дер кезінде емделгеннің өзінде инфекция адам ағзасында мәңгілікке қалып қояды.

Цитомегаловирусты инфекция

Бұл вирус сілекей бездерінде өмір сүреді. Егер адамның иммунитеті мықты болса, онда оның денсаулығына еш зияны жоқ. Алайда денсаулығыңыз кішкене сыр берсе болды, вирус қоза шығады. Цитомегаловирус әсіресе аяғы ауыр әйелдер үшін қауіпті. Сондықтан дәрігерлер келіншектерге жүкті кезде сүйіспеуге кеңес береді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Америкада 17 жастағы бойжеткеннің "сүйіс ауруынан" көз жұмғаны хабарланған.




Көрілген: 2150    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 19:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31