Сұрақ-Жауап. Кеңес

Сіздің жер басып жүргеніңіздің өзін ауыр көретін адамдар міндетті түрде табылады

  • wannabemagazine.com

    wannabemagazine.com

Егер сіздің үнемі жолыңыз болып жатса, оған сіз қаншалықты лайық болсаңыз да, сізге дұшпан адамдар пайда болады. Бұл – табиғаттың заңы. Неге дейсіз бе? Олай болатыны, сіздің жер басып жүргеніңіздің өзін ауыр көретін адамдар міндетті түрде табылады. Бәріне бірдей жағу мүмкін емес. Сіз жеткен жетістік сол көпшіліктің қолдауына ие болып, сол мансапқа қолы жетпей қалған адамдарды сізге қарсы қояды.

Жетістікке жеткен адамның тілі шығады. Сіз енді ырқыңыздан тыс көп сөйлейтін боласыз. Адамдар жайлы ойыңызды ашық айта бастайсыз, ал шындықты көп адам көтере бермейді. Сіздің айтқандарыңызды олар пыш-пыштап бір-біріне жеткізеді. Жәй ғана айтылған бір мысқыл немесе қатқыл сөз арқылы сіз өмір бақи басыңызбен алысып өтетін дұшпан табасыз. Адамдардың жаны өте нәзік. Болмашы сынның өзі (әсіресе жанды жеріне тигенде) оларды жаралап кетеді. Олар асау ат сияқты ешкімге сенбейді. Оларды сылап-сипамай жақындай алмайсың. Адамдардың дені жарасы енді біте бастаған ауру адам сияқты. Жарасын сәл ғана тырнап кетсең, олар ауырып қалады. Түкке тұрғысыз сөзден төтенше жеккөрініш туып жататыны содан. Көптеген адамдар біреулерді мұқатып, ендібіреулерді араздастырудан айырықша ләззат алады. Егер сіз өзіңізге әлі дұшпан тауып үлгермесеңіз, олар сізге оны қуана-қуана тауып береді.


@Андрэ Моруа, «Жастарға қайтіп өмір сүру жайлы тәмсіл».


Dauren Berikqazhyuly

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 485    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.01.2019, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі
    6 Наурыз, 13:41
    АРУЛАРҒА 13 КЕҢЕС
    27 Ақпан, 13:22
    САБЫРСЫЗДЫҚТЫҢ СОҢЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30