Сұрақ-Жауап. Кеңес

Таңғы астан бас тарту қандай ауруларға әкеп соғады

  • https://factum-info.net/

    https://factum-info.net/

Қытай ғалымдары зерттеу жүргізіп, ашығу бірнеше қауіпті ауруды туындатуы мүмкін деген қорытындыға келген.

 

Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып, «360» жазды.

 

Мамандардың айтуынша, күнделікті үш уақыт тамақтанатын ер адамдардан қарағанда таңғы асын ішпейтіндердің диабетке шалдығу қаупі 25%-ға жоғары болады екен. Диабеттің дамуына түрткі болатын басқа да факторларды ескермейтін болсақ, таңғы астан бас тарту аурудың даму қаупін 16%-ға арттырады.

 

Бұдан бөлек, таңертең аш жүретін адамдар артық салмақты тез жинап алуы мүмкін. Зерттеу барысында аптасына үш рет таңғы асын ішпеген адамдардың орташа салмағы екі келіге артатыны анықталды.

 

Қытай ғалымдарының пікірінше, балалардың таңғы асын ішпеуі өте қауіпті. Балалардың таңғы астан бас тарту ми қызметінің дамуына кері әсер етеді, когнитивтік қабілеттің едәуір төмендеуіне әкеліп соғады.

 

Таңғы асты тұрақты түрде ішпеу салдарынан өт қабына тас байланады, ишемияның, онкологиялық аурулардың, деменцияның пайда болуына септеседі.

 

Бұған дейін америкалық ғалымдар таңғы асты ішуге ең ыңғайлы уақытты анықтаған болатын. Мамандар 10 575 адамды екі топқа бөлді. Олардың жартысы таңғы асын 8:30-ға дейін, келесі жартысы 8:30-дан кейін ішетін болған. Белгілі болғандай, 8:30-ға дейін тамақтанатын адамдар диабет ауруына аз ұшырайды екен. Сондай-ақ олардың қанының құрамында қант мөлшері төмен болатын көрінеді.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 937    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.05.2021, 22:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30