Сұрақ-Жауап. Кеңес

Телефонның жұмысын жақсарту үшін қандай қосымшаларды жою керек

  • Телефонның жұмысын жақсарту үшін қандай қосымшаларды жою керек

    Телефонның жұмысын жақсарту үшін қандай қосымшаларды жою керек

 Сарапшы ескі, арзан телефон жылдам жұмыс істеуі үшін екі жол ұсынып отыр. Ол қандай қосымшалар телефон жадын толтыратынын айтты

Қажет емес әрі көп орын алатын қосымшаларды жою телефон жұмысын жақсартуға көмектеседі. Телефонның жұмыс үстеліндегі сағат, ауа райы, жаңалықтар да құрылғы жұмысын бәсеңдетеді.

"Әсіресе, ескі смартфондар баяу жұмыс істейді. Бұл iOS құрылғыларына да, Android-қа да қатысты. Сондай-ақ, Android Go операциялық жүйесі орнатылған заманауи, бірақ арзан телефондардың жұмысы баяу болады", - деп жазады "Прайм" сарапшыға сілтеме жасап.
Ол ескі, арзан телефон жылдам жұмыс істеуі үшін екі жол ұсынып отыр. Біріншісі - жүйе баптауын өзгерту. Ал екіншісі - керек емес қосымшаларды жою немесе барынша аз орын алатын баламасын жүктеу.

Сарапшының айтуынша, ең алдымен, Facebook және YouTube сынды, шын мәнінде, ауыр қосымшаларға мән беру керек. Мәселен, бұл қосымшалардың Android операциялық жүйесіне арналған Facebook lite, Google Maps Go сынды жеңілдетілген түрлері бар.

Сондай-ақ, сайттың немесе веб-браузердің жеңіл мобильдік түрін қолдануға болады. Қосымша телефон жұмысына кедергі жасаса, мүлдем жоюға болатыны айтылып отыр.

Маман телефон жадындағы бос орынды тексеруге кеңес берді. Егер 1 гигабайттан аз ғана орын болса, телефон жұмысы бәсеңкеп қалады.

Ал операциялық жүйенің жаңартылған түрін орнату көп жағдайда көмектеспейді, кейде, керісінше, жағдайды ушықтыруы мүмкін.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 1515    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.08.2020, 18:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31