Сұрақ-Жауап. Кеңес

Той-томалаққа тыйым салынды, орындамған жағдайда айыппұл салынады

  • Той-томалаққа тыйым салынды, орындамған жағдайда айыппұл салынады

    Той-томалаққа тыйым салынды, орындамған жағдайда айыппұл салынады

Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері кешкі сағат 10-нан кейiн мейрамханаларды жаппай тексерудi қолға алды. Коронавирус пандемиясына байланысты тамақтану орындарының қызмет уақытына да шектеу қойылған. Әсіресе жүздеген адам шақырылатын той-томалаққа тыйым салынғанына мейрамхана қожайындары разы емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.
"Қаладағы мейрамханалардың барлығы мереке күндеріне банкетке тапсырыс алған. Оған азық-түлік сатып алып қойды. Енді той иелері ақшаны қайтаруды сұрап, жан алқымынан алып жатыр. Мұндайда біз не істейміз? Жұмыссыз қалған қызметкерлеріміздің жайы не болады?", - дейді Бану Тілегенова, Ақтөбе облыстық қонақ үй және мейрамхана бизнесі қауымдастығының төрайымы.

Шығынын ойлаған кәсіпкерлер қалалық әкімдіктің мәжіліс залына лық толды. Олардың басым бөлігі – дәмхана мен мейрамхана қожайындары. Енді олар жүздеген адам жинап, той-садақа істей алмайды. Үйлену тойдың өзіне шақырылатын қонақ саны 50-ден аспауы керек. Сондай-ақ, бұрынғыдай түнімен қыдыруға тыйым салынған. Кешкі сағат онда кез келген мейрамхана мен дәмханадан меймандар таралуы тиіс. "Ал той-садақадан бас тартқан тұрғындардың ақшасын толық қайтарып беруі керек", - дейді шенеуніктер.

Тәртіп сақшылары төтенше жағдай кезінде тыйымды тыңдамағандар жазаланады деп ескертті. Полицейлер кешкілік тамақтану орындарына тексеру жүргізіп, оннан кейін той болып жатса, кәсіпкерге айыппұл салады немесе 15 тәулікке дейін абақтыға қамай алады.

"Шектеуді ескермегендерге алдымен ескерту береміз. Тыңдамай жатса, шара қолданылады. Мұны әкімшілік сот шешеді. Полицейлер төтенше жағдайға байланысты кешкілік рейдтерге шығып,мейрамханалардағы тексерулер кезінде мұны анықтап отырамыз", - дейді Мақсат Шляшев, Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары.

 




Көрілген: 203    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 13:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30