Сұрақ-Жауап. Кеңес

Вакцина алып, кейін жүкті екенін білген әйелдер не істеу керек?

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Алматы қалалық Перинаталдық орталығының гинекологы Әсел Омарқұлова онлайн брифингте вакцинаның бірінші компонентін алған және жүктілік туралы білген әйелдерді еш алаңдамауға шақырды.

 

Егер әйел вакцинаның бірінші дозасын алып, жүкті екенін білсе, мұнда қорқатын ештеңе жоқ. Ол екінші дозаны алу үшін медициналық көмекке жүгінеді. Жүкті әйелдерді вакциналау мәселесі бүгінде әлемде талқыланып, қарастырылуда. Жүктіліктің бірінші триместрінде егжей-тегжейлі скринингтік зерттеуден, УДЗ-ді 11-13 апта аралығында өту керек, - деді Ә. Омарқұлова.

 

Ол медицинада ана мен ұрықтың өмірін сақтап қалу үшін жүктілік кезінде вакцина алудың көптеген мысалдары бар екенін еске салды. Себебі жүкті әйелдерде де коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдерге коронавирусқа қарсы вакцина алуды ұсынады. Вакцина ұрыққа ене алмайды және оған вирус жұқпайды, ана сүті де вирустан таза болады, - деді Ә. Омарқұлова.

 

Оның айтуынша, жақын арада жүктілікті жоспарлап отырған әйелдерге КВИ-ге қарсы вакцина алу қажет. Сонымен қатар, жүктілікті вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін бір айдан кейін жоспарлаған жөн.

 

Вакцинация жүктілікке немесе репродуктивті жүйеге ешқандай әсер етпейді. Біздің елде жүкті және бала емізетін әйелдерге екпе салу туралы әлі айтылған жоқ. Дәрігерлер препаратты әзірлеушілер жүргізген клиникалық зерттеулердің ресми нәтижелерін күтуде. Ұсынымдар түсе салысымен ешкім вакцинаны дереу қолданбайды. Бәрі қауіпсіз жағдайда әрі өз ретімен жасалатын болады, - дейді дәрігер.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 15:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31