Сұрақ-Жауап. Кеңес

Вирусқа қарсы препараттарды көп мөлшерде сатып алудың қажеті жоқ - ғалым

  • Вирусқа қарсы препараттарды көп мөлшерде сатып алудың қажеті жоқ - ғалым

    Вирусқа қарсы препараттарды көп мөлшерде сатып алудың қажеті жоқ - ғалым

 Алматы қалалық Қоғамдық кеңестің онлайн отырысы барысында Ұлттық сараптама орталығының директоры Арнұр Нұртаев тұрғындарды өзін-өзі емдемеуге және дәріханаға бармауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мысалы, дене қызуы сәл ғана көтерілген адам дереу антибиотик сатып алуға тырысады. Іс жүзінде, вирустық пневмонияға антибиотик көмектеспейді, ол тиімсіз, өйткені антибиотиктер бактерияларға әсер етеді, бірақ вирустарға емес. Бактерияға қарсы препараттарды қабылдау арқылы Сіз иммунитетіңізді әлсіретесіз», - деп түсіндірді А.Нұртаев. Отырыс барысында, медицина ғылымдарының кандидаты Рафаиль Қыпшақбаев вирусқа қарсы препараттарды көп мөлшерде сатып алмауға шақырды. «Дәріханалардағы бағаның өсуіне өзіміз кінәліміз. Оны өзіміз қолдан жасаймыз. Адамдар дәріханаларға барып, вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді көптеп сатып алып жатыр. Есіңізде болсын, COVID-19 дәріханалардағы дәрілер көмектеспейді. Оларды сатып алудың қажеті жоқ. Әлемде коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі әлі табылған жоқ», - деп түсіндірді доцент.

Өз кезегінде «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріпов дәріханалардағы кейбір дәрі-дәрмектердің бағасының өсуіне байланысты жағдайды түсіндірді. «Жекеменшік дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер жоқ деген сауалдар туындап жатыр. Біз жекеменшік дәріханаларға жауап бермейміз. Олар өз бетінше жұмыс істейді. Алайда, Денсаулық сақтау министрлігінде бағаны өсірмеу туралы бұйрық бар. Мысалы, бүгін бағасы 10 теңге болған дәріні, ертең 1000 теңгеден сатуға болмайды. Дәріханалар сатуға болатын шекті бағадан аспауы тиіс. Егер дәріхана осындай қадамдарға барса, онда олар ережені бұзады. Тиісінше, кез-келген азамат заңсыз әрекеттер туралы шағымдана алады»,- деп түсіндірді ол.

inform.kz




Көрілген: 676    Пікірлер: 0

жұма, 26.06.2020, 11:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 16:36
    ЭЦҚ-ны қашықтан алу
    17 Маусым, 16:45
    Құрттың емдік қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31