Алаш үні

Ŋŋ таңбасынан неге бас тартпауымыз керек?

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі жаңартылған әліпби нұсқасы қалың жұртшылыққа ұсынылды. Ұсынылған бойда бірден қызу талқылау басталып та кетті. Көпшілік жұрт қызу қолдап, алдыңғы нұсқаларынан әлдеқайда жақсартылған екен деп жатса, кейбір азаматтар жеке әріп таңбаларына тоқталып, өз ұсыныстарын тұс-тұстан айтып та жатыр. Соның ішінде өгейсіген Ŋŋ таңбасы жөнінде сәтсіз таңдау, үстінде тильдасы бар Ňň  қарпін алу керек еді деп жатыр. Алайда бұл ұнаңқырамай отырған  «ұсқынсыз үйректен» бас тартпағанымыз жөн болар. Оның басты себептерін атағымыз келеді.

 

Әрбір әліпбидің өзіндік ұлттық бет-бейнесі болады. Оның танымалдылығын, бірегейлігін айқындап тұратын ерекше таңбалардың көрініс табуында. Мәселен, әзербайжан тілінің әліпбиін бірден жазбай  танытып тұрған қай таңба дейтін болсақ, ол Әә әрпі. Бұл әріп әзербайжан тілінің ұлттық брендтік таңбасына айналды деуге болады.

 

Ал қазақ тілінің ұсынылған жаңа әліпбиінде әріптердің біразы танымал,  латын, түркі сынды ортақ қорлардан алынды. Сөйтіп біраз графикалық таңбаларымыз түркі тілі әліпбиіне ұқсап та тұр. Ал оқшауланып, ерекше көзге түсіп тұрған қай таңба? Әрине бізге таныс ешбір түркітектес әліпбидің бірінде кездеспейтін Ŋŋ әрпі. Бұл таңба Халықаралық фонетикалық қорда (МФА) және Юникод жүйесінде де бар, яғни пернетақтадан  оңай табылады деген сөз. Әліпбиіміздің ұлттық жеке-дара бет-бейнесін айқындаймыз десек, осы әріпті қалдыру керек.

 

Qq әрпімен қатар Ŋŋ әрпі бірқатар түркі тілдерінде жоқ бұл  әріптер жүйеқұраушы әріптер болып танылуы керек. Ал төбесінде тильдасы бар Ňň әріпүсті таңбалары бар көп әріптің бірі болып қала бермек. Мәселен, өзбек тілі латын графикасына негізделген әліпбиінің қайталанбас, өзіндік бет-бейнесін айқындай алмай отыр, оны көптеген тілдер жүйесіндегі әр тектес әріптер конгломераты, жиынтығы деуге болады.

 

Сондықтан, Ŋŋ әрпін өзгертуге асықпайық, оған дұрыстап, дұрыс көзбен қарап, жазып, оқып көрейік. Уақыт оза үйренісіп, әліпбиіміздің танымалдылығын бірден аңғартатын, арттыратын брендтік таңбаға айналар.

 

 

 

Қыздархан Құрмашқызы Рысберген,

филология ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

Abai.kz




Көрілген: 4222    Пікірлер: 0

жұма, 05.02.2021, 16:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30