Алаш үні

Dauren Berikqazhyuly: Әкесі жоқ ұл сияқты бұл қазақ!

  • Dauren Berikqazhyuly: Әкесі жоқ ұл сияқты бұл қазақ!

    Dauren Berikqazhyuly: Әкесі жоқ ұл сияқты бұл қазақ!

Қажет кезде өп-өтірік надан боп,
Бұл қазақты алдамаған адам жоқ.
Былш етпейтін өтірікті айтқанда
Абыз болып алды бүгін арам көп,

Аңыз болып алды бүгін сараң көп.

 

Өлең айтқан әншісі де алаяқ,

Жалпақ жұртты көрген емес сәл аяп.
Саясатты айтып сұңқылдайтын боп алды
Сайқымазақ та Астанадан сарай ап,
Күні кеше жұртта жүрген жалаяқ.

 

Байғұс халық баладай ғой, баладай,
Шапалақты ұрады кеп аямай.
(Күдігі жоқ тіпті титтей, ой Алла-ай!)
Өңшең итке қор болғаны есте жоқ,
Сорлап өткен ғұмырында аядай!

 

* * *
Көретіні кіл мазақ –
Әкесі жоқ ұл сияқты бұл қазақ!
Жаутаң-жаутаң қарайтұғын сөйлесе,
Көк ат мінген әрқайсысы бір қажап.

Арзан бөзге оранып,
Әруақтай сақал-шашы ағарып,
Оттан да ыстық отанында өзінің
Қайыршыдай жүреді ылғи қабарып.

Қағып қойып арқадан,
Тиын берсе – жұрттың бәрі мәрт оған.
Отаны жоқ опасыздың барлығы
Астанада жатыр түсіп шалқадан.

Бір бөлмені жалға алып,
Болар-болмас мәпақаны малданып,
Тәубе, тәубе деп қояды тағы да,
Тәуелсізбін деген сөзге алданып.

Көретіні кіл мазақ –
Әкесі жоқ ұл сияқты бұл қазақ!
Қажып жүріп, азып жүріп ертеңнен
Ертегідей күтетұғын бір ғажап.




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 08:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Сәуір, 23:56
    МҰХАҢНЫҢ МҰҢЫ
    31 Наурыз, 11:36
    Абайдың үш бейнесі
    4 Наурыз, 17:28
    Алаш-арман
    31 Қаңтар, 12:43
    Бір видеоның «сыры»...
    28 Қаңтар, 11:06
    Мағауин мифі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30