Абайда не атаңның құны бар еді?

Абайда не атаңның құны бар еді?

Жуырда әлеуметтік желілерде танымал психолог әрі психо­аналитик Анна Құдиярованың белгілі бір басылымға берген сұхбатынан үзінді жарияланды. Мұндағы Анна ханымның ақын Абай туралы айтқан әңгімесі көпшіліктің шамына тиді. Онда былай делінген:

 

«Елімізде өршіп тұрған мәсе­лелердің бірі – ажырасу. Ажырасудың алдын-алу үшін жастардың көпшілігі азаматтық некеде тұрып көру керек деп қолдайды.

 

Осы тұрғыда психоанализ институтының директоры Анна Құдияровамен «Caravan.kz» медиа-порталының тілшісі сұхбаттасты.

 

– Азаматтық некені қолдайсыз ба? Азаматтық неке қазақта болмаған ғой...

 

– Қалай қазақта болмаған? Бол­ған. Ұрын күйеу деген қазақта бар. Абайдың өзі біренеше қызды бүл­діріп тастаған. Ұялмай, талай қызды пәктігінен айырған. «Абай жолын» оқып таңқалғанмын. Абайдың жастық шағы туралы жазылған кітабын оқысаңыз, онда ұрын күйеу туралы жазылған.

 

Қыз Жібек те күйеуге қыздай тимеген. Бірақ оны бәріміз жақсы көреміз. Мақтан тұтамыз.

 

Шариғат келгеннен кейін ғой пәктік деген ұғым пайда болғаны.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша 20 жасқа дейінгілерді жасөспірім шақ, ал 40 жасқа дейінгі жастық шақ болып саналады. Үйленуді 30 жастан кейін бастаған дұрыс.

 

1990 жылдары елімізде жағдай жоқ уақытта өмір сүрген ата-аналар балаға қандай тәрбие берсін? Балаға киім, ішерге тамақ тауып берумен ғана шектелген. Өздерінің психологиясы дұрыс емес ата-ана балаға отбасы деген тақырыпты қайдан үйретеді? Жаны жаралы ұрпақтың құрған отбасы қалай болады?

 

Маған келген клиенттердің түсі­нігінде қыз бала өзіне әке іздейді, ер бала өзіне шеше іздейді. Әрбір қыздың ойы жақсы еркек тапсақ дейді. Күйеуім мені жақсы көруі керек, асырауы керек, қажеттіліктің бәрін алып беруі керек дейді. Әке­сінен естімеген жылы сөзді күйеуінен естісем екен деген ой қалыптасқан. Ал, керісінше, ер балалар өзіне әйел емес, шеше іздейді. Ер-азаматтың әке болғысы келмейді. Психологиялық кәмелетке жетпеген адамдар үйленген кезде міндетті түрде ажырасу болады».

 

...Анна ханымның бұл сөзін бі­реулер пиар деп қабылдаса, енді бірі келемежге айналдырды. Біраз жұрт әлеуметтік желіде психологты жерден алып, жерге салды. Солардың бірқатары төмендегідей:

 

Алдияр Қозыбаев: Мынау Анна ханымның өзіне психолог керек қой. Осындай ой айтардай кім ол өзі? Өтірік психологсымақтар елді бүл­діріп бітті. «Ақжүністе» оттап отырушы еді осыдан оншақты жыл бұрын.

 

Құрметті достар! Өзіңде барды қадірлемесең, жат сенің қадірліңді қайтсін?! Біреу әу десе, қосыла шәуілдемей, қадір тұтқан тұлғамыздың қазақ үшін қалдырған нәрлі де мәнді шығармаларын насихаттап, ақтауға тырыспаймыз ба? Ұлы Абай өзі айтқандай:

 

«Білгенге маржан, білмеске арзан,

Надандар бәхра ала алмас.

Басында ми жоқ,

Өзінде ой жоқ,

Күлкішіл кердең наданның.

Көп айтса көнді,

Жұрт айтса болды,

Әдеті надан адамның...»

Абайдан артық айта алмаспыз...

 

Еркін Бабаев: Мына психологты психиатрға оқытып, бетін бері қарату керек шығар. «Рухани жаң­ғыруды» азық еткен ұйымдар мен ғалымдар қайда? Ұлт идеалын қорғауда неге дәрменсіз?

 

d.gulmіra70: Анна ханым, ұрын келу мен қазіргі азаматтық некені шатастырмаңыз. Сіз оқыған «Абай жолын» біз де оқығанбыз, Әуезов «Абай бірнеше қызды бүлдірген» дегенді жазбаған. Абай Алланы хақ деп таныған адам болған. Қай сөзін алсаңыз да оған дәлел. Яғни сіз айтқан іске бармауына соның өзі дәлел. Ислам діні бізге сонау VІІІ ғасырда енген. Шариғат заңы да сол кезде келген.

 

1990 жылдары ата-аналар балаларына тәрбие бермеді деп қалай айта аласыз? Жоқ пен барды ажыратып, аналарына демеу болып, еңбекпен өскен сол кездің балалары шығар. Тіпті тұтас отбасын асыраған балаларды білеміз. Ата-анасынан тәрбие көрмеді деуіңіз қи­сынға келмейді. Көпке кінә тақпаңыз. Жалпы, мына пікіріңізге келісе алмаймыз. Қазақ ұлты психология деген ғылымсыз да жан-дүниесіне терең бойлаған ұлт. Абзалы, Абайды кінәлап, Жібекті қозғамаңыз.

 

seіlkhanovbekbolat: Ұрын бару дегеніміз – жігіт пен қыздың әке-шешелері уәделескен соң жігіт қасына өзінің жақын досын ертіп қыз ауылына барады. Оларды отауға кіргізіп, сый-құрметпен қарсы алатын болған, онда да қыздың қасында құрбылары, үлкен жеңгелері бол­ған. Олар ерлі-зайыпты атанған соң ғана жақындасқан. Баршаға мәлім «Қызға – қырық үйден тыйым» деген сөз бар. Ата-ана өз қызын көзінің қарашығындай сақтаған.

 

muslіma 200011: «Ұрын күйеу» емес, «ұрын бару» деген салт бол­ған. Оны қыздың ауылы біліп отырған, жеңгелері, дос қыздары бірге болған. «Абай жолында» солай жазылған. Қазақ: «Жаным – арымның садағасы» деген халық қой.

 

nuragulkaіrbekova: Анна ханым, сіз алжиын дегенсіз бе?! Абай атамызда, Қыз Жібекте сіздің не шаруаңыз бар? Солардың жанында тұ­рып, куәлікке өтіп пе едіңіз? Сұмдық-ай! «Іштен шыққан жау жаман» дейді ғой осындайда. Қазақ осылай алжып сөйлесе, қалғанын жауып қой. Аллам сізге ғидаят берсін!

 

asylaltush: Бұл кісі уақыт өткен сайын біртүрлі әңгімелер айтып жүр. Абай мен Жібектің заманында өмір сүріп, қасында жүргендей айтыпты ғой тегі. Осы күніме дейін бірде-бір шығармадан қыздардың ондай әдеп­сіздігін оқып көрмеппін. «Ұрын келу» деген бар екені рас, бірақ ол тек екі жастың жеке сөйлесуі, бір-бірін жете тану үшін ғана. Бұл кісі сол кездесуді жаман жағынан ойлап отырған сияқты.

 

zhaіnoknurlankіzі: Абай атамызды қаралауға көштік пе енді? «Абай жолында» олай жазылмаған еді ғой. Бұл психологтар біледі деген сайын қазақты арсыз кылып... Қалай-қалай сайрайсыздар?! Сөздің да орны бар. Пікірдің де жөні бар. Бар бетке ұстар қаймағымызды олай қараламайық.

 

karlygashmongolkhan: «Шариғат келген соң пәктік пайда болды» де­геніңізге жол болсын! «Абай жолын» шынымен оқыған болсаңыз, Абай да, оның әкесі де шариғатпен өмір сүр­ген. Шариғат сол кезде болған.

 

raіs140614: Иә, қатырған екен! Шариғат кейін келсе де Алла жолына, яғни мұсылманшылыққа қайшы ке­летін – ол азаматтық неке. Ол Еуропа елдерінен келген. Ертеңгі күні бір-біріне ұнамаса, тағы біреумен азаматтық некеде тұрады, кейін онымен жараспайды, сонда кім болады бұл қыз? Бұзылды деген осы емес пе?! Ал некесіз болған нәрсе зинаға жатады, күнә болады. Анна ханым, сонда жас қыздар құрып, аза берсін, соған мен келісемін дегеніңіз бе? Абайды сөз қылғаныңызға, неке түнінде Жі­бектің қасында болғандай етіп айт­қаныңызға тіптен сөз жоқ, сүйектері қураған адамдарды айтып нені дә­лелдегіңіз келеді? Бұл бұзылуға жол беріп, ұрпаққа берген ақылыңыз ба? Ажыраспаудың басқа дұрыс жолын айтудың орнына, тауып берген санаңыз ба? Қазақ түбімен құрысын деген сөз ғой бұл!

 

tazhіbaevaakzharkyn: «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады». Жастар мұны оқып, азаматтык неке бола береді деп жүрсе мүлде жанұя құр­майды, жауапкершілік те болмайды. Азаматтық некені шариғат қолдамайды. Абай атамызды қор қылдыңыз. Мұны өзге ұлт оқыса не дейді? Осындай сөздерден кейін өзге ұлттар бізді сыйламайды.

 

Ең жаманы, Абай жайлы өзге емес, өз қазағыңның осылай айтқаны қынжылтады. Анна ханым, психологпын деп ауызға келгенді оттай бермеңіз! Ұлы Абайды қорлап отырсыз. Айтар­ға сөз жоқ!

 

...Жұрт осылай деп ашынуда. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» демекші, Анна ханымның Абай атамыз туралы айтқан сөзі оның өзіне таяқ болып тиіп жатыр.

 

М. ЫБЫРАЙ.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста