АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ

2000 жылдары көп орыстар Ресейіне үдере көшті емес пе... Сонда бір отбасы да көшті. Олардың екі қызы бар еді. Және әке -шешесі бар еді. Солардың ұлы мен келіні өз пәтерін сатты да, бау-бақшасы жайқалған кемпір-шалдың үлкен үйін де сатты.
- Мама, папа, как мы вас одних оставим ? Как вы одни в Талдыкургане будете без присмотра жить ?
Мы вместе уедем- деп...
Кемпір -шалдың үйі шынында өте жақсы салынған, күтімді, жәйлі үй еді.
Көп ұзамай сол үйді Арыстан дейтін Семейлік жігіт сатып алды.
Содан кейін орыс әке-шешесін үй алдындағы времянкаға көшірді.
- Папа, мама, пока лето, здесь поживите. Мы купим дом в Рубцовске, обустроимся и вас до осени заберем - деген орыс шешесін қайта-қайта сүйіп, әкесін құшақтап, өлердегі сөзін айтты...
Содан Арыстанға әке-шешесін табыстап, үйдің ақшасын алып, жихаздарын, Жигулиін сатып әйелін, екі қызын алып, кете барды.
Көп кешікпей Арыстан да отбасымен көшіп келді.
Содан үш ай өтті . Орыстардан хабар жоқ, жарты жыл...
Байғұс кемпір-шал времянкада тұрып жатты. Бос отыра ма? Шал бау-бақшаны күтеді, ауланы тазалайды, монша жағады, кемпірі гүл өсіреді ...
Арыстан деген жігіттің төресі екен.
Ол орыстарды Батя, Мамаша деп жаны қалмай сыйлаудан жалықпады. Ортақ дастарханнан қалдырмады.
Арыстанның әйелі , екі ұлы, бір қызы да айналайындар еді. Олар :- Баба, Деда- деп , ешқашан артық сұрақ қойып, жөнсіз сөз айтпады
Жарты жылдай уақыт өткенде шал мен кемпір " С детьми что-то случилось!" деп зар жылап, жандарын жұлды.
Содан Арыстан милицияға барып Рубцовск қаласына запрос жіберткізді.
Ол қаладан " ондайлар жоқ"- деген хабар келді. Тағы всесоюзный розыскі жарияланды.
Сол кезең өте мазасыз , қылмысты уақыт болғандықтан кемпір-шал шынымен қатты уайымға түсті. Күнде шіркеуге барып , поппен сөйлесіп, жылап-жылап қайтатын.
Ақыры розыскіден хабар келді -
- Кемпір- шалдың ұлы мен келіні мүлдем басқа қаладан табылды. Олар өте жақсы қоныстаныпты. Сәулетті көшеден қымбат үй сатып алыпты, ұлы табысты қызметке ілігіпті ..
Албастылар! Оңбағандар !
Олар әке-шешесін ақша үшін алдап, үй-жәйін сатқызды, тақыр жерге тастады..
Солай жылаумен кемпір-шал келесі жазға жетті. Сол жазда кемпір құсадан қайтыс болды.
Арыстан сол кезде азаматтық іс атқарды. Шіркеуден попты және басқа шоқынуға келгендерді шақырды. Бар жоралғысын христианша жүргізді. Христиан зиратына жерлеп, қоршау орнатты.
Содан кейін бәрін, кемпір-шалдың дос-туыстарын, көршілерін шақырып, мал сойып, қазақша қонақасы берді.
Сонда шалдың егіліп жылағаны-ай !
Осы оқиғаны естіген соң сол жазда мен Арыстанның үйіне барған едім.
Үйде жалғыз Батясы жүр .
Қақпаны қағып кіргенімде ол - А сын уехал в Семипалатинск, к родичам. И сноха с детьми тоже уехали... - деп есікті тіреп тұр.
Мен жөнімді айтқанда ғана ол мені аулаға кіргізді. Аула толы қызыл-сары-ақ-жасыл гүлдер. Көздің жауын алады.
- Какие красивые цветы!- дегенімде :-
- Моя жена так любила астры и розы -деді шал.
Иә, не дейін?
Шалдан не сұрайын ?
Бар сұрағаным :-
- Арыстан когда приедет ? - дегенім.
Сонда шал сондай мейіріммен :-
- Сына сказал , долго не задержится - деді.
Міне, осындай оқиға.


Гүлжан Камалиденовна
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста