Алаш үні

Ақын-жазушылар мен ғалымдар парламентте отыру керек

  • Ақын-жазушылар мен ғалымдар парламентте отыру керек

    Ақын-жазушылар мен ғалымдар парламентте отыру керек

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы бастаманы мамыр айының басында өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыру барысында жариялады. Билік пен халық арасындағы диалогты дамыту мақсатында құрылған келелі кеңестің алғашқы отырысы 6 қыркүйек күні Президенттің төрағалығымен өтті. Жаңа органның отырысында бұқараның көкейінде жүрген мәселелер қозғалып, күрмеуі көп түйіннің шешілу жолдары қарастырылды. Осы орайда, еліміз үшін маңызды кезеңде енжар қалмай, өз ойымды айта кетуді жөн көрдім.


​ Сан ғасырлар бойы көшпелі қазақ қоғамында заң шығарушылық қызметті билер атқарғанын және шынайы халықтық үлгідегі дала парламенті жұмыс істегенін тарихтан білеміз. Хандықтағы билер кеңесі мемлекеттің саяси-құқықтық, әскери-дипломатиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайын тек әдеттегі құқықпен ғана емес, елдің рухани-мәдени салт-дәстүрімен ұштастыра отырып қамтамасыз еткен. Күлтөбенің басында қабылданған "Тәуке ханның Жеті жарғысында" афоризм, мақал-мәтел, қанатты сөздердің көрініс табуы соның дәлелі. Билер "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Әз Тәукенің Жеті жарғысы" заңдар жинағындағы негізгі қағидалар мен нормаларды толық меңгеріп қана қоймай, ел-жұртының әдет-ғұрпын, шежіресін, тарихын, кемел пікірлерін шешен тілмен жеткізе алатын дара жандар болған. Болашақтың жолын бабалар салған жолдан іздеп, бүгінгі таңда да от ауызды орақ тілді ақын-жазушылар мен тіл, әдебиет, тарих саласындағы ғалымдардың Парламентке көбірек барғандары дұрыс деп ойлаймын. Қазақтың тілін, әдебиетін, тарихын жете түсінетін тұлғалар билік пен халық арасын жақындата түседі деген сенімдемін.


Түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатуға бағытталған Ұлттық қоғамдық кеңеске халық үлкен үміт артып отырғаны рас. Бұған дейін де көптеген кеңестер мен коалициялар болған. Алайда, "Бұл кеңес бұрынғы кеңестен өзгерек" деп білемін. Ел іргесі аман, болашағымыз жарқын болсын!


Қуаныш Жұмабек


"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, PhD докторы


Abai.kz




Көрілген: 357    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.10.2019, 12:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30