Әліпбиде W, C, Х әріптері неге жоқ?

Әліпбиде W, C, Х әріптері неге жоқ?

Жаңа әліпбидің құрамында w, c, х әріптері жоқ. W әрпі ағылшын әліпбиінде дауыссыз [у] дыбысын береді, бірақ сондай-ақ, дауыстыларды беретін қосар таңбалардың ішінде қолданылады. Кез келген дауыстының алдында [у] болып оқылады, мысалы, west, winner, r әрпімен бірге сөз басында келсе, оқылмайды, мысалы wrong, write, ал aw, ew, ow диграфының құрамында «дыбысы өшеді», һ әрпімен диграф құрса, бірде [у] болып оқылады, бірде тағы «үні өшеді». Ол латынның түпнұсқа әліпбиіндегі u әрпімен жарысып та қолданылған, мысалы,  flour/flower, guard/ward и suede/Swede. Бірақ мағынасы басқа сөздер жасалады. Яғни u әрпінің беретін дыбысына ұқсас болғандықтан, бұл әріптің қызметі кейде артықтық еткен. Ендеше қазақ әліпбиінде де u әрпімен бірге жарыстырмай, w әрпін алудың қажеті жоқ.

 

Сол сияқты С, Х әріптерінің де басы артық болады. Әліпбиге бір [у] дыбысын беретін w\u әріптерін, одан қалып [c] дыбысын таңбалайтын с\s әріптерін, оынң үстіне [һ] дыбысын таңбалайтын һ\х әріптерін жинасақ, «жоқ жерден» «проблема табамыз». Бүгінгі кирил жазуының өзінде қ, һ және х әріптерінің қайсысын таңдарымызды білмей отыратынымызды еске алайық. Халі ме, қалі ме, хош па, қош па, Гаухар ма, Гауһар ма еді, жихангер ме, жиһангер ме, дастархан ба, дастарһан ба, дастарқан ба, рахмет пе, рақмет пе? Бұл таңдау құр босқа ойлану, мәнсіз, текке қойылатын сұрақ болатын. Себебі қазіргі қазақ жазуындағы х мен Һ әріптерінің фонологиялық айырмашылығы, яғни екі дыбыстың сөз мағынасын айыратын ерекшелігі жоқ. Гаухар деп те, Гауһар деп те, жихангер, жиһангер деп жазсаңыз да, мәні біреу болатын. Сондықтан бұл таңдау мәнсіз еді де, жазуда тіпті әркім қалауынша жазып кете беретін. Сөз мағынасын ажыратуда х, Һ мен қ әріптерінің арасында парық бар еді. Мысалы, хош иіс, қош келу, хан көтеру, қан жылау деген сияқты. Сол себепті жаңа жазуда Һ әрпі қалдырылды.  

 

Ал әліпбиге С әрпін алсақ, ол қай дыбысты таңбаламақ? Цирк, цемент сияқты сөздердегі ц әрпі жаңа әліпбиде s әрпімен жазылатын болса (sirk, sement), мына С әрпімен қандай сөздерді жазбақпыз? С-мен жазамыз ба, әлде S-мен жазамыз ба деп тағы ойланамыз ба? Алсақ, осы кезге дейін тілімізге орыс тілі арқылы еніп кеткен термин сөздерді жазайық деп аламыз. Керек қылсақ, қазіргі кирил санамен ойлайтын өзімізді ғана ойлап, керек қыламыз. Ал одан   кейін бұл әріптің қызметі болмайды. Тек жаңадан кірме сөз кірген сайын қай әріппен аламыз деп, бас қатыру үшін аламыз. Себебі ол кезде біздің келесі ұрпақтың санасынан екінші шет тілі болып қалатын &ndash орыс тілінің Ц-сінің бейнесі өшеді. Алайда...

 

Ресми құжат, ісқағаздарда бренд, компания атаулары түпнұсқасы сақталып, көшіріліп жазылатындықтан құрамындағы C, W, Y, X әріптері  жазыла береді. Мысалы, Coco-cola компаниясының президенті, Windows10 операциялық жүйесі, «Toyota-ның басқару қағидалары» деген сияқты.

 

 

 

Құралай Күдеринова,

А.Байұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д.

Abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста