Алаш үні

Әміренің зираты қалай табылды?

  • Әміренің зираты қалай табылды?

    Әміренің зираты қалай табылды?

МУЗЫКАТАНУШЫ ЖАРҚЫН ШӘКӘРІМ:

Қазақтың әншілік өнерін әлемге танытқан Әміре Қашаубайұлы жөнінде аз жазылып жүрген жоқ. Әміренің жансыз денесі 1934 жылғы қарашаның 5-нен 6-сына қараған түнде Алматы көшелерінің бірінде табылғанымен, бұл өлімге қатысы бар адамдар әлі күнге белгісіз. Сорақысы Әміренің қай жерге жерленгені, мүрдесі, зираты жоғалып кеткен. Әміре жерленген соң арада 30 жыл өткенде 1974 жылы Әміренің өзі орындаған әндері жазылған үнтаспа табылды. Әміре үнтаспасы табылып Мәскеуден әкелгеніміз сол екен, жұртшылық оның мүрдесі қойылған жерді, зиратын іздей бастады. Сол кездегі ақсақалдардың айтуынша Әміре атамыз 1934 жылдың 8 қарашасы күні Алматы қаласындағы Ташкент деп аталатын көшедегі орталық зиратта жерленгені белгілі болды. Көрейік деп іздеп барғанымызда ондағы зиратқа жауапты кезекшілер Әміре мүрдесінің қай жерде жерленгенін білмейтін болып шықты. Тіпті зират кеңсесіндегі 1934 жылы жерленгендер тізімі жазылған журналда Әміре есімі жоқ. Енді Алматыдағы орталық зираттағы Әміре жерленген жерді іздеу міндеті басталды. Шындығын айту керек, жалпы осы жұмыстарға қозғау салған Мәскеуде сақталған әнші дауысының табылуы.
Әміре жерленген жерді, зиратын да таптық, әрине. Баба денесін, мүрдесін ақымдап жерлеген Әбілмәжін Сапақов деген ақсақал әлдеқандай бір алапаттың болатынын сезіп, жерлеген күні зират жанындағы терек ағашына бәкімен "Бұл жерге Әміре Қашаубайұлы жерленген" деп жазып кеткен екен. Серке Қожамқұлов, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин және мен төртеуіміз орталық зираттан төрт күн іздеп таппадық, бесінші күн дегенде ортамызға Әбілмәжін Сапақов араласып, әнші жерленген жерді бір сәтте-ақ тауып берді. Әрине, Әміре зиратының орны тұрмақ тұқылы да жоқ. Жермен жексен тақыр жер. Тап осы жерде сүйегі жатқанға балап, осыған да қуанысып құран бағыштадық...

(Әсет Ақмолданың Фейсбуктегі парақшасынан)




Көрілген: 1843    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 16:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин
    26 Мамыр, 16:22
    Бозбала Бейсен
    19 Мамыр, 16:42
    Өнеге-өмір

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31