Алаш үні

Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беруге болмайды - журналист

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Биыл Ұлы Жеңіске 75-жыл. Журналист Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беруге болмайды деп жазды. Бұл туралы caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

 

Желіде тәуелсіз журналист Өмірзақ Ақжігіт Бауыржан Момышұлына қатысты пікір білдірді.

 

"Б.Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беруге болмайды! Неге?

 

Мен Баукеңді бұл атаққа лайық емес деп отырған жоқпын. Керісінше, ол атақ Баукеңнің атына лайық емес! Баукеңе "ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ БАТЫРЫ"деген арнайы, ерекше атақ берілуі керек!

Және оны кейінге қалдырмай, Жеңістің 75-жылдығының алдында берсек тіпті дұрыс болар еді.

 

Француздар Жанна д Арктен кейін Шарль де Голлді "Француздың Ұлттық Батыры" деп ресми таныды. Дәл сол секілді БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ - ҰЛТТЫҢ СИМВОЛЫ! ҰЛТТЫҢ АР-НАМЫСЫ! ҰЛТТЫҢ ҰЯТЫ! Орысша айтсақ - "Совесть нации!"

Осы атаудың бәріне бір өзі лайық. ("Ұлттың ұяты" деп ол кісіден басқа тек Герольд Бельгерді атауға болады...) Негізде, дәлелде десеңіздер:

 

1.Жүректің ғана емес, ақылдың да теңдессіз батыры - соғыс кезінде 5 рет қоршаудан батальонын аман алып шығып қана қоймай, оның құрамын көбейтіп алып шығып отырған жалғыз командир.

 

2.Ұлттық мүддені әрқашан ту етіп биік ұстаған, өз мүддесінен жоғары қойып отырған. Тым ұлтшыл болмаса тез-ақ көтеріліп кететінін көріп отырса да, одан таймаған.

 

3.Ұлттық мәселеде ешқашан пендешілік деңгейге түспеген. Түскендерді кім болса да кешірмеген. 1970 жылы, 9-мамырда, Жеңістің 25-жылдығының құрметіне өтіп жатқан Әскери парадқа шақырылмаған соң өзі барып, Д.Қонаев пен Б.Әшімовтың арасына таяғын тығып, екеуін екі жаққа қарай итеріп-итеріп жіберіп, ортасына тұрып алып, Парадты өзі қабылдаған.

 

4.Адамгершілік тұрғыдан әрқашан биіктен көрінген. Аға сұлтан Есеней секілді "Құдайдың менің алдымда болмаса, менің Құдай алдында күнәм жоқ" деп айта алатындай хақысы болған адам.

 

5.Жазушылығы жағынан да теңдессіз "Ұшқан ұяны" қалдырса, "Аңыз бен ақиқаттың" бейресми соавторы болған.
Енді өздеріңіз ойлаңыздаршы, бұл атақты алған азаматтармен - батыр болсын, әнші болсын, совхоз директоры болсын, бәрі де лайық жандар - қалай Баукеңді бір деңгейге қоюға болады, обал емес пе?! Алла-Тағалаға Баукеңді бергені үшін сансыз алғыс айтайық-тағы, өзіміз әлемде санаулы ДАРА ТҰЛҒАНЫҢ қадырына жете білейік те!
(Өзбектерде Бауыржан болғанда, олар бұндай ұсынысқа сол сәтте іске асырар еді деп ойлаймын. Себебі, онсыз да олар "Құдай дарынды қазаққа берген, қадырын бізге берген..." деп, әския айтады бізге)

 

П.С. Болашақта "Ұлттық Батыр" деген атаққа ұсыну үшін ұрпағымыз мың ойланып, сан толғанып барып қимылдар. Баукеңнің аруағы ойландырмай қоймайды!".

 

Оқырмандар қолдап өз пікірлерін жазды. "Ол кісі одан да жақсы атаққа лайық", "Қошқарбаевқа да сондай атақ беру керек" дейді оқырмандар.

 

 




Көрілген: 3094    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30