Алаш үні

Бүгін Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Бүгін қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туған күні.

 

Әлихан Бөкейхан 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

 

 Әкесі Нұрмұхамет Әлиханды 9 жасында молдаға оқуға беріп, кейін мектепте білім алды. Одан кейін Қарқаралыдағы үш жылдық училищеге түсіп, оны үздік бітіріп шыққан.

 

Осылайша, 16 жасында Омбының техникалық училищесіне түсіп, 20 жасында Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтына түскен.

 

Әлихан Бөкейхан – даңқты қоғам және мемлекет қайраткері. Оның бастамасымен «Қазақ» газеті ашылды, «Алаш» партиясы, кейін Алаш Үкіметі құрылды.

 

Ол қазақ халқының ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының идеялық негізін қалаушы әрі жетекшісі, қазақтың «Алаш» атты тұңғыш саяси партиясының әрі Қазақ-қырғыз ұлттық-территориялық автономиясының төрағасы болды.

 

1917 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, 1920 жылдың тамызына дейін қызмет еткен Алаш автономиясы бүгінгі Қазақстанның негізін қалап берді десек болады.

 

Ә.Н.Бөкейхан – даңқты энциклопедист ғалым, екі жоғарғы білімі бойынша ормантанушы-ғалым, агроном әлі заңгер, табиғи дарыны бойынша тарихшы, экономист, этнограф, әдебиеттанушы, журналист әрі публицист, сондай-ақ жер пайдалану мен мал шаруашылығы бойынша теңдессіз маман болған.

 

Оның осы күнге дейін табылып, жинақталған ғылыми-публицисткалық мұрасы 15 томға жетті. 

 

1937 жылы 27 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан тұтқындалып, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кесілді.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 2153    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 11:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31