Алаш үні

Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Осыдан 109 жыл бұрын (1912-1993) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев дүниеге келді. Алматы қаласында туған.

 

1936 жылы Мәскеудің Түсті металл институтын бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған. 

 

1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигінде бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры қызметтерін атқарады. 

 

1939 жылдан «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды. 

 

1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 

 

1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 

 

1960-1986 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. 

 

1986 жылы 16 желтоқсан күні - Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының көтерілісі Желтоқсан оқиғасынаұласты. 

 

Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

 

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті.

 

Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.

 

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

 

 

 

 

Oinet.kz




Көрілген: 5640    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 11:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...
    5 Қаңтар, 00:04
    Асық ату архаизм бе?
    18 Желтоқсан 2020
    Қыздардың көз жасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31