Алаш үні

Бүлдіршіндер мешітке емес, балабақшаға мұқтаж!

  • Бүлдіршіндер мешітке емес, балабақшаға мұқтаж!

    Бүлдіршіндер мешітке емес, балабақшаға мұқтаж!

Елордада тағы да мешіт салынбақшы. Биіктігі 130 метр, 4 бағаналы болады екен. Құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Жалпы мұсылман болып бетіңді Қағбаға бұрып, жығылып бес уақыт намаз оқыған дұрыс қой. Бірақ, елімізде соңғы жылдары мешіт салу үрдісі кең етек алды. ҚМДБ-ның мәліметі бойынша елімізде өткен жылы 38 мешіт салыныпты. Жалпы мешіттер саны 2626. Мешіт спонсорлардың ақшасына салынады-мыс деген сыбыс бар. Оның бюджеті қанша болатынын ешкім ашық айтып жатқан жоқ.

Енді мына дерекке қараңыз, елімізде бала санының өскенімен, бала-бақша саны өспей отыр. ҚР БҒМ сайтына кіріп үңілсек, қазіргі таңда мектеп жасындағы балалардың саны 424 мыңды құрап отыр. Оның ішінде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің саны 118 мың. Соңғы екі жылда бала-бақшаға кезек саны 168 мыңнан 118 мыңға қысқарыпты. Не деген статистика? Бар жоғы 50 мың баланы бақшамен қамтып отыр ма сонда еліміз?

Ал, Нұр-Сұлтанға келетін болса, шүберек алып жылауға болады. Бағаналы бақордада 369 бала-бақша бар екен. Оның 90-ы мемлекеттік, 43-і мини-орталықтар, қалған 214-і жеке меншікке тиесілі бақшалар. Кезек күтіп тұрған тағы 14 000 бүлдіршін бар. Елордада жылына мемлекеттік 1-2 ғана бала-бақша салынады екен.

Сандардың өзі сайрап тұр. Бүлдіршіндер мешітке емес, бақшаға мұқтаж. Бір бала-бақша салу үшін 1 млрд. теңге кетеді екен. Осы жерде есіме Дубайдағы ЭКСПО-ның қаңыраған павильонына 9 млрд. теңге бөлнгені түсіп кетті. Тағы да арифметика айқайлап тұр.

Ал әлеуметтік тегін үйге мұқтаж көп балалы аналардың кезегі жыл өтсе де жылжымайды. Мешітті салды делік. Жұма намазға жұрт жиналады. Қалған күндері қаңырап бос тұрады немесе бай-бағландар ас беріп, ораза күндері тегін тамақ таратады. Біздің қоғам, жалпы ақшасы бар спонсорлар нағыз мұқтаж жандарға көмек берсе екен.

Айтпақшы, мешітке келіп жатқан келімсектерді ешкім бақылап отырған жоқ. Қай мазхаб, қай ағымда екені беймәлім. Оны имам да, Иван да тексеріп жатқан жоқ. Мешітке барып, басқа ағымға кіріп кетіп, ақыры сүйегі Сирияның сахарасында шашылып кеткен «соқыр» қазақтың ұлдары қаншама...

Түйін. былтыр Рыскелді қажының атына ашылған «Алланың гүлі» деп аталатын мешіт астанамызда 9-шы екен. Ал шындап келгенде, Алланың гүлі де, нұры да – бауыр етің балаң ғой. Сол себепті, құрметті спонсорлар балаларға бақша салып жарысайық!

Салтанат Әшірбай,

Нұр-Сұлтан қаласы.

Abai.kz




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 21:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Сәуір, 23:56
    МҰХАҢНЫҢ МҰҢЫ
    31 Наурыз, 11:36
    Абайдың үш бейнесі
    4 Наурыз, 17:28
    Алаш-арман
    31 Қаңтар, 12:43
    Бір видеоның «сыры»...
    28 Қаңтар, 11:06
    Мағауин мифі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30