Алаш үні

Домбырамызды тас қалыпқа құйып, нені аңғартып жатырмыз?

  • Домбырамызды тас қалыпқа құйып, нені аңғартып жатырмыз?

    Домбырамызды тас қалыпқа құйып, нені аңғартып жатырмыз?

Ауылдарда жаппай Домбыра мүсіндері неге қойылып жатыр? Мəн-мағынасын түсіне алмадым. Ерекше сəулетімен көзге түсіп, кəнігі шебер Ерғали Бекешевтей мүсін бойына терең мазмұн, тарихи үндестік, философиялық толғам сіңіре алса, кəне?


Ауыл көркі болады деп қаптаған ескерткіш-мүсіндер ашудың қандай қисыны бар? Оның əр деталі мəн мен мағына сыйғызуы керек қой.


Семейдегі ағаш оғаш тірлік көрінісі болды. Оралда да эстетикалық талғам тамсанбайтын бір келіншектің сондай жансыз бейнесі тұрғанында шаруамыз жоқ ))


Тастан тұғыр салып, ескерткіш қою дүниеден озған қастерлі тұлғаларды еске алу, өнегесін насихаттау немесе тарихи оқиғаларды бейнелеу міндетіне сай келсе жарасады.


Ұлы дала өнерін аманаттап жеткізген домбыраға қарт тарих қорғасын құйғаны аздай, қалайыдан ескерткіш соға бастадық. Қонжиып тұрған домбырамен суретке түскенше, екі ішекті саулатып күй төгіп, екі көзді парлатып əн шырқағанымыз дұрыс емес пе?


Қалай ойлайсыз? Домбырамызды тас қалыпқа құйып, нені аңғартып жатырмыз?


Нұртай Текебаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 935    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.11.2019, 12:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31