Алаш үні

ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ДҮҒА

  • ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ДҮҒА

    ҚАДІР ТҮНІНДЕГІ ДҮҒА

Темірғали КӨПБАЙ,
Халықаралық «Алаш» әдеби
сыйлығының лауреаты


Алтындай інім Бейсен Құранбектің қазасына


Қадыр түні.
Қайғырдым.
Кібісенің басы мұң.
Қабырғамнан сөгілдім. Қайратымнан жасыдым.
Саған Құран бағыштап отырамын деп пе едім...
Айналайын інім-ай, арда туған асылым!

Қайтсем екен өксіткен жүректегі шеменді,
Қадір түнгі дұғамды естірмісің сен енді.
Қара жерге тапсырып сенің асыл денеңді,
Қасірет қой, қасірет – жазған мынау өлеңді.

Басқа түссе баспақшыл... Түн сейіліп, таң келер.
Енді өзіңсіз дүниеге таңдар қалай сән берер?
Айтуға оңай болғанмен... Қиын, қиын бұл тағдыр,
Сендей адам болмаса қиналғанға дем берер.

Қайратыңды халқыңа арнау еді-ау арманың,
Қарекетпен талайдың ақ үмітін жалғадың.
Жылағанның көз жасын құрғатам деп, ардағым,
Жүрегіңе салдың-ау дүниенің салмағын.

Қадір түні.
Қасірет.
Көп-ақ біздің күнәміз,
Жақсылығын жақсының өлгеннен соң ұғамыз.
Айналайын інім-ай, жолдас болсын иманың,
Қолдан келер қайран жоқ...
Қабыл болғай дұғамыз!
Қабыл болғай дұғамыз!




Көрілген: 821    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 09:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30