Алаш үні

Қазақ коронавирусты мың жыл бұрын білген

  • Қазақ коронавирусты мың жыл бұрын білген

    Қазақ коронавирусты мың жыл бұрын білген

Әлемді жайлаған алапат індетпен күресудің ең тиімді жолы – алдын алу. Ал алдын алудың қарапайым әрі нәтижелі әдісі – көшеде көлбеңдей бермей, үйде отыру. Егер қазақтың осыдан мың жыл бұрын айтып тастаған мақал-мәтеліне үңілсеңіз, халқымыз тәжтажалдың қаупін сол кезде-ақ сезген екен-ау деген ойға қаласыз.

Қазекең не дейді? «Туған үйдің түтіні жылы...» дейді. Рас қой, әлемді жеті рет айналсаңыз да, өз үйіңіздің жылуындай жылуды еш жерден таба алмайсыз. Ендеше әлемді үрей билеген қазіргідей кезеңде Сізге осындай мүмкіндік берілді: отырыңыз, жатыңыз, шай ішіңіз, демалыңыз, қысқасы, туған үйдің жылуынан қуат алыңыз.

«Үй болған соң: белбау да керек, желбау да керек». Бұл да рас. Дегенмен Сіз әлем жұртының зәресін алған қауіпті кемі бір ай бұрын естігенсіз. Нұр-Сұлтан мен Алматының оқшауланатынын апта бұрын білдіңіз. Демек Сіздің үйде «белбау» да, «желбау» да бар.

Бірақ қарын тоқ екен деп бекер жата беруге әсте болмайды. Сондықтан қазақтың «Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің» деген тәмсілін еске алыңыз. «Үйге қамалу» кезеңін қыстың қамына пайдаланып, үйдің аны-мұнысын жөндеп қоюға мүмкіндігіңіз бар.

«Үйде өскен бұзау түзде өгіз болмайды». Қам жемеңіз, бұл мақал Сізге арналмаған. Өйткені Сіз әлдеқашан «өгіз» болып қойғансыз. Кеше ғана «Үйде — атан, түзде — бурамын» десеңіз, деген шығарсыз. Бірақ оны қайта қозғайтын уақыт емес екенін ұғыңыз. Қазір Сізге «үйде – бура» болатын заман туды.

Бір уақ бәйбішеңіздің де көңілін көтеріңіз. Не істерін білмей, көк жәшікке үңіле берген жарыңыздың құлағына «Үйдің көркі — сандық» деген мақалды сыбырлап айтсаңыз, жеткілікті. Қырық жыл бұрын салып, кейін ұмытып кеткен көйлек-көншегін тауып, бір жасап қалады.

«Үй иесі мейірлі отырса, қонақ көңілді отырады». Енді Сізге бұрынғыдай сабылған қонақ келмейді. Бірақ бәрібір мейірлі боп жүріңіз. Өйткені Сіз мейірленген сайын бала-шағаңыз шаттанады. «Үйінде ұл-қызы бардың көгінде сөнбес жұлдызы бар» деген қазақ атаңыз. Жұлдыз дегеннің той жағалап жүрген әншісымақтар емес, өз ұрпағыңыз екенін шынайы сезінудің әдемі мүмкіндігі ғой бұл.

«Үйінде екі сиырың болса — айран, екі қатының болса — ойран». Мақалдың екінші бөлігінің Сізге қатысы шамалы. Өйткені бәрібір екі әйеліңіз жоқ, кәкір-шүкірлер есеп алынбайды. Сондықтан екі сиырдың қамын көбірек күйттегеніңіз абзал. Себебі көшеге көп шығуға болмайды. «Үйінен қырық қадам шыққан адам — мүсәпір» болатынын білесіз. Егер 5-10 қадам жердегі дүкенге барсаңыз, бетперде киіп, үйге келген соң қолыңызды жиі жуыңыз. Неге десеңіз, қазекеңде «Үй ішінен жау шықса, тұра қашып құтыла алмассың» деген мақал тағы бар. Бүкіл бала-шаға Сіздің аузыңызға қарап отырғанда, бәлені сырттан Сіз «сүйреп» әкелсеңіз, не болады?!

Қысқасы, сақ болыңыз, қазақ мақалының мәніне үңіліңіз. Сонда тәжтажал Сізден өзі қашатын болады. Қорытынды сөз мынау: «Үйде оңбаған түзде де оңбайды». Осыны ешқашан есіңізден шығармаңыз!

Nege.kz




Көрілген: 4221    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.03.2020, 21:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30