Алаш үні

Көрнекті ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

  • Көрнекті ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

    Көрнекті ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаралы хабарды Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақберен Елгезек естіртті.

"Қадірлі ағайын! Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық. Алла алдынан жарылқасын. Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі", - деп жазды ақын Facebook желісіндегі парақшасында. 

Есенғали Әбдіжаппарұлы 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда Хожелы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Өзбекстанның Жызақ облысы Мырзашөл ауданындағы "Достық" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып бастаған. Кейіннен "Жалын" журналында бөлім меңгерушісі, "Арай" журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, "Зерде" (бұрынғы "Білім және еңбек") журналының бас редакторы, 1995 жылдан "Жазушы" баспасының директоры болған. 

Алғашқы жыр жинағы "Бастау" деген атпен 1980 жылында жарық көрді. Кейін ұлт бостандығы, туған дала тарихы туралы жазған. 




Көрілген: 1687    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 10:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31