Қуандық Шамахайұлы шын мәнінде кім?

Қуандық Шамахайұлы шын мәнінде кім?

Қуандық Шамахайұлы – Моңғолияда туып, өскен, Ұланбатырда Моңғолия мемлекеттік университетінде журналистік жоғары білім алған жазушы. 1983 жылдан бастап әдеби ортаға көркем аударма арқылы келген жазушы кейін ғылыми-зерттеу жұмыспен айналыса жүріп, прозаға бет бұрды. шығармаларын қазақ және моңғол тілдерінде жазады.
1993 жылы Моңғолия жазушылар одағына мүшелікке өткеннен кейін тарихи Отаны Қазақстанға көшіп келіп, қоныстанған. Елдегі бірнеше жетекші университеттерде дәріс берді, Астанадағы газет-журналдарда бас редактор болды. Оның қаламынан туған сатиралық шығармалар мен лирикалық әңгімелер қазақ оқырмандарынан қызу қолдау тауып келеді. АҚШ, Жапония, Колумбия, Канада, Швейцария, Қытай, Ресей, Моңғолия жазушыларының таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударды. Альфрейд Нобель атындағы әдебиет сыйлығын әр жылдарда алған жазушылардың таңдаулы әңгімелерінен де арнайы аударып, әдеби басылымдар мен порталдар арқылы оқырманға ұсынды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша «Менің сатып алған күйеуім» деген атпен жеке жинақ етіп жарыққа шығарды. Орыс жазушысы Василий Шукшиннің «Көңілжай» повесін қазақ тіліне аударып, «Алтын көпір» халықаралық конкурсында жеңімпаз болды. Өзі туып өскен, етене араласқан Монғолияның жаңа заман көркем әдебиеті көрнекті өкілдерінің отызға тарта әңгіме, повестерін қазақ тіліне аударып, «Найзағайлы жылдар жаңғырығы» деген атаумен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шығарды. Автордың өз қаламынан туған таңдаулы прозалық көркем шығармаларының жинағы «Шөлейт жақта» деген атаумен топтастырылып, басылып шықты. Қуандық Шамахайұлының «Таскене», «Сексеуіл бүршік жарғанда» романдарымен қатар «Кішкентай адам», «Сағым жыл» секілді көптеген әңгіме, хиқаяттары оқырмандар тарапынан жоғары бағаланып отыр. Жазушы Қ. Шамахайұлы – ҚР мәдениет қайраткері, Ақпарат ісінің үздігі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Сондай-ақ, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттану ғылымы бойынша қауымдық профессор. Автор әдеби-көркем ой-толғамдарымен қатар қазіргі қазақ қоғамының өзекті мәселелерін көтерген публицистикалық туындыларының таңдаулыларын ғана іріктеп, «Қаламгердің ізі қағазда қалады» деген жинаққа топтастырып, оқырманға ұсынған. Күллі қазаққа танылған жазушы, журналист күні бүгін өмірден өтті. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста