Алаш үні

«Никоновтың мәлімдемесін жай сандырақ деп қабылдай салуға болмайды» - Максим Рожин

  • «Никоновтың мәлімдемесін жай сандырақ деп қабылдай салуға болмайды» - Максим Рожин

    «Никоновтың мәлімдемесін жай сандырақ деп қабылдай салуға болмайды» - Максим Рожин

Бұл әлгі өтірік білмей қалған Никоновтың ғана сандырағы емес. Бұл тұрақты әрі нақты жасалып жатқан әрекет. Оны тағы бір депутат өз сөзінде растап отыр. Дауысқа әзір салынып жатқан дүниелер бар ұқсайды.

Тағы бір орыс шенеунігі Қазақ елінің тәуелсіздігі мен жеріне қарсы мәлімдеме жасады. Айта кетерлігі бұл да Дума депутаты. Аты-жөні Евгений Федоров деп көрсетілген депутат бұған дейін «қазақ жері  - Қазақстанға Ресейдің сыйлаған сыйлығы» деп жөнсіз мәлімдеме жасаған Никоновты қолдайтынын білдірген. Оның ойынша, Қазақ елінің қазіргі тұтастай территориясы расымен де сыйға алынған жер. Ол тіптен ҚР СІМ жолдаған нотасына да қарсылық білдірген. Онысын біреуге көлік сыйласаң, рахметін айтады, ал мыналар болса мойындағысы да келмейді» деген сөзінен-ақ байқауға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Басынан аяғына дейін шовинистік пиғыл байқалып тұрған бұл жазбаны белгілі журналист, президент жанындағы Ұлттық кеңес мүшесі Максим Рожин өз парақшасында бөліскен. Журналистің айтуынша, жәй сөз емес, ойландыратын дүние.

«Құрметтілер, «қазақ даласын жалға алып тұрып жатсыңдар» деген тағы бір депутаттың сөзін байқамаған сыңай танытып өтіп кете алмадым.

Байқамау мүмкін емес. Сондықтан бөлісіп жатырмын. Мұндай сөзді байқаусыз қалдыру - сокырлық, өз-өзіне жақсылық тілемеу деп түсінемін.

Бұл әлгі өтірік білмей қалған Никоновтың ғана сандырағы емес. Бұл тұрақты әрі нақты жасалып жатқан әрекет. Оны тағы бір депутат өз сөзінде растап отыр. Дауысқа әзір салынып жатқан дүниелер бар ұқсайды. Мұқият тындаңыздар. Оның сөзінше «Қазақтың жерін жалға алып мекендеп» жатыр екенбіз.

«Халықаралық құқық» деп қояды ещё. «Это прямая территориальная претензия», - дейді депутат Федоров. Осы айтқанына мұқият назар аударғанымыз жөн секілді, өйткені бұл сөз тағы бір Дума депутаты Евгений Федоровтың ауызынан шығып отыр.    «Достықтың» шынайы сипаты, ашық түрі шын мәнісіңде осы ма?

Менің пікірімше, бұның ауызынан шығып жаткан жәй сөз емес. Ойландыратын дүние. Бүл жүрген біреу емес, бүл ресми лауазымдағы тұлға, әскерде болған отставкадағы офицер, Ауған соғысын көрген, көп жыл Думада отырған депутаттың сөзі. 

Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан, Мұрат Абенов, Arman Shorayev, Расул Жұмалы, Қазыбек Иса ағалар, мынандай нәрсеге назар аудармау мүмкін емес қой, масқара дүние емес па?

Бұл ішке іріткі салу болмай не? Сырттан дем беріп, іште оңбай жүргендерге сырттан нұсқау беру...», - деп жазған ол өзінің ол өзінің facebook парақшасында.




Көрілген: 10968    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.12.2020, 23:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...
    5 Қаңтар, 00:04
    Асық ату архаизм бе?
    18 Желтоқсан 2020
    Қыздардың көз жасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31