Алаш үні

Орта Азиядан келгендер өздерінің мәдениетін осылай көрсеткен...

  • Орта Азиядан келгендер өздерінің мәдениетін осылай көрсеткен...

    Орта Азиядан келгендер өздерінің мәдениетін осылай көрсеткен...

Соғыс кезінде немістер бір топ Қазақстандық солдатты Голлландияға алып келеді де, сондағы «Амерсфорт» дейтін концлагерге әкеп қамайды. Бұлар Сталинградтың түбінде соңғы оғы қалғанша соғысып, тұтқынға түскен қазақтар. Айдаладағы меңіреу орманда аштықтан бұратылып, кері шегініп бара жатқанда, бәрі бірдей қоршауға түсіп қалады.


Голландияға алып келгенде, жергілікті тұрғындар олардың орыстарға ұқсамайтын өзгеше халық екенін байқайды. Қазақтарды басқалар сияқты баракқа емес, ашық жердегі тікенекті сымтемірмен қоршалған жерге әкеп жатқызыпты. Тұтқындарды үнемі ашұрсақ ұстап, ауыр жұмысқа салады. Басқа тұтқындар бұларды неге өздерінен сонша бөлектеп ұстайтынын, неге сонша мал секілді қарайтынын түсінбейтін. Нацистердің оларды «untermenschen» (недочеловеки) дейтінін қайдан білсін!


Біраз күннен кейін Германиядан бір топ жоғарғы шенділер, кинооператорлар мен режиссерлер келеді. Лагердегі қазақтарды сапқа тұрғызып қояды. Олардың алдында жіптіктей болып, өздерін жоғарғы нәсіл - арийліктер санайтын немістің бойшаң офицерлері арлы-берлі ойқастап жүрді. Олар күнге күйіп, әден жүдеп-жадап, қарайып кеткен тұтқындардың қасында өзгеше, журналдың бетіндегі модельдер сияқты соншалықты салтанатты болып көрінетін.


Бір уақытта жаңағы жерге нан тиеген мәшинені алып келеді. Жаңа піскен нанның иісінің төңіректі түгел алып кеткені соншалық, тұтқындарды былай қойып, неміс офицерлерінің өзінің де сілекейі шұбырып кетеді. Осы кезде тұтқындардың арасына нанды лақтырып жіберіп, олардың сол нанға таласып жатқан сәтін кинокамераға түсіріп алмақшы болады. Сосын оны неміс солдаттарына көрсетіп: «Мынандай малдан бетер халықты аяушы болмаңдар!» деп айтқысы келеді. Нанды лақтырып кеп жібереді. Тұтқындардың арасынан ең жастауы келіп нанды көтеріп алады. Бәрі тып-тыныш болып қалады. Немістер оларды нанға таласып, бір-бірімен қырылысатын шығар деп тағатсыздана күтіп тұрады. Жаңағы жігіт нанды араларындағы ең үлкенінің қолына апарып береді де, қазақтар малдас құрып отыра қалады. Нанды әрқайсысы еппен үзіп алып, келесі адамға береді. Әрқайсысы әлгі нанды алақанына аялап салып, Аллаға шүкір!» деп барып жепті. Немістер не істерін білмей, қатты абдырап қалады.


Бір дерекке қарағанда, осы тарихи сәтке куә болу үшін сонау Германиядан Геббельстің өзі де арнайы келген екен сол кезде. Олар қазақтарды малдан төмен қылып бейнелеп, өздерінің қандай мәдениетті халық екенін көрсетпек болған ғой. Бірақ арам ойлары іске аспай қалады да, Орта Азиядан келгендер өздерінің мәдениеті қандай деңгейде екенін нацистерге дәлелдеп беріпті. Кейін ол тұтқындарды соққыға жығып, сол маңдағы бір жерге апарып атып тастапты.


Голландиялықтар марқұмдардың басына жылда барып, құрметпен гүл қойып кетеді екен...


Gýlzıa Asanbaı

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2443    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.10.2019, 11:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30