Алаш үні

Сақтар қамшы арқылы құлдардың геніне сіңген үрейді оятқан

  • Сақтар қамшы арқылы құлдардың геніне сіңген үрейді оятқан

    Сақтар қамшы арқылы құлдардың геніне сіңген үрейді оятқан

ҚҰЛДЫ ОЯТҚАН ҚАМШЫ


Көне грек тарихшысы Геродот жазып кеткен сақтар туралы (скифтер) аңызда қамшы туралы қызық дерек бар. Елу жыл бойы Еуропаны шарлап, жорықта жүрген сақ жауынгерлері күндердің күнінде еліне қайтады. Ұзақ жыл ерлерін күтіп хабар болмаған соң, әйелдері өздерінің құлдарына тиіп, олардан бала туады. Сақ жауынгерлері елдің шетіне жеткенде құлдан туған ұлдар қолдарына қару ұстап шығып, батырларды елге кіргізбей соғыс салады. Айқас ұзаққа созылып, құлдарды жеңе алмаған сақтар кеңес құрады. Сонда бір данагөй қария: «Ей, сақ жауынгерлері, осы біз не істеп жүрміз? Қараңдаршы өз құлдарымызбен соғысып жеңе алмалық. Өйткені, біз қарумен соғысқандықтан олар өздерін тең санап, жеңіс бермей жүр. Бар қару-жарақтарыңызды тастап, оларға қамшы алып шығыңдар. Олар қамшының суылын естіп, өздерінің қанындағы құлдық қасірет есіне түсірсін» — депті.


Сақтар бұл кеңесті мақұл көріп, қамшымен құлдарға қарсы шығады. Қамшының суылдаған ысылын естіген құлтұқымдылар шайқасты ұмытып, қарадай есі шығып майданды тастап қаша жөнеліпті. Сөйтіп, сақтар қамшы арқылы құлдардың геніне сіңген үрейді оятқан-мыс.


Бекен Кайратулы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1248    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.01.2019, 11:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30