Алаш үні

Саяси қуғын-сүргін халқымыздың жанына жара салды - Дәурен Абаев

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Репрессия жылдарында Кеңес Одағында өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдері зардап шекті. Бұл туралы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды   ҚазАқпарат  тілшісі.

 

«31 мамырда 100 мыңға жуық саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске аламыз. Қайғылы оқиғаны ұмытпау - біздің азаматтық парызымыз. 1920-1930 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін, ашаршылық ауыр азап болды және адамдыққа жатпайтын әлеуметтік эксперимент нәтижесінде 3 миллионнан астам отандасымыз қаза тауып, жер аударылды. Бұл оқиға халқымыздың жанына жара салды. Сол үшін Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаев егемендігіміздің алғашы жылдарынан саяси-қуғын сүргін құрбандарын есте сақтап, рухына тағзым етуге зор мән берген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы ұстанымды жалғастырып келеді», - деді Дәурен Абаев «Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» атты халықаралық online-конференциясында.

 

 

Оның айтуынша, 31 мамыр - солақай саясат зардабынан сабақ алуымыз қажеттігін тағы бір еске салатын күн.

 

«Бұл қолдан жасалған трагедия қазақ халқына орны толмас қасірет алып келді. Тірі қалғандардың жанына жазылмас жара салды. Репрессия жылдары біздің ел әділетсіз жаза қолданатын түзету лагеріне айналды. Сол жылдары жеке тұлғалардың ойлаусыз әрекеттерінен Кеңес Одағында өмір сүріп жатқан барлық этнос зардап шекті. Бірлік, шыдамдылық және даналықтың, бір-бірін қолдай білудің арқасында қатаң сынақтың бәрінен өттік. Бүгінгі таңда бұл қасиеттер ХХІ ғасырдағы біздің ұлттың негізгі жетістігінің негізі болып саналады», - дейді ол.

 

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасының мақсаты – жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құндылықтар қағидатында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту.

 

Айта кетсек, «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасының іс-шаралары тұңғыш рет 2010 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қорының қолдауымен Астана қаласында және «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенінде ұйымдастырылды.

 

Іс-шара аясында ҚР Президенті жер аударылған және қуғын-сүргінге ұшырағандардың 12 мемлекеттен келген ұрпақтарын қабылдап, олар жапа шеккен халықты есте сақтау мәселелері талқылаған.

 

Іс-шара барысында ТМД елдері тарихшыларының «Тарихтан – қазіргі заманға» атты бірінші форумы өтті, оған 300-ден астам отандық және шетелдік тарихшылардың ғалымдары қатысты. Форум қорытындысы бойынша тарихи мұраны зерделеудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу жөніндегі Астана хартиясы қабылданды.

 

 




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 14:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин
    26 Мамыр, 16:22
    Бозбала Бейсен
    19 Мамыр, 16:42
    Өнеге-өмір
    27 Сәуір, 11:11
    Нығымет Нұрмақов
    24 Сәуір, 12:55
    Құнанбайдың мөрі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31