Алаш үні

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемкомиссиясының үшінші отырысы өтті

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының үшінші отырысы өтті.

 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Комиссияның отырысында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруға және олардың міндеттеріне қатысты мәселе қарастырылды.

 

Жиын барысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі Қанатбек Жайсаңбаев және бірқатар облыс әкімдерінің орынбасарлары баяндама жасады.

 

Облыс әкімдерінің орынбасарлары – өңірлік комиссиялардың жетекшілері сарапшы ғалымдармен бірге атқарылатын жұмыстарды үйлестіру, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың деректерін жинау, жерлеу орындарының картасын жасау, ведомстволық және мемлекеттік архивтердің қызметін қалыптастыру мәселелері жөнінде баяндады.

 

Сондай-ақ Мемлекеттік комиссияның қызметін сүйемелдеу жөніндегі әдістемені жергілікті жерлерге бейімдеу жұмыстарына баса мән берілді.

 

Жиында Мемлекеттік комиссия мүшелері өңіраралық ынтымақтастық пен аймақтық комиссиялардың тәжірибе алмасу ісін жетілдіруге, архив құжаттарын сараптау жөніндегі оң тәжірибелерді ортаға салатын алаң құруға, іздестіру-зерттеу жұмыстарын тиімді қалыптастыруға қатысты ұсыныс-пікірлерін айтты.

 

Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев өз сөзінде ғалымдардың зерттеу жұмыстарын жүргізуі үшін қолайлы жағдай жасау қажет екеніне басымдық берді.

 

Сонымен қатар ғалымдардың еңбегін ынталандыру және оларды жан-жақты қолдау керек екенін атап өтті.

 

Мемлекеттік хатшы еліміздегі тарихы бай және мәдени-рухани мұрасы мол елді мекендерде болған оқиғалардың тізбегін зерттеу және қалпына келтіру жұмыстары барысында шетелдік озық тәжірибелерді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.

 

Бұдан бөлек тарихи оқиғаларға әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан сараптама жүргізу өңірлік комиссиялар жұмысының маңызды бір бөлігі болмақ.

 

Мәжіліс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдеріне өңірлік комиссиялардың қызметін жетілдіруге, сарапшы ғалымдармен ықпалдастықтың тиімділігін арттыруға, зерттеу жұмыстарына халықтың белсенді бөлігін жұмылдыруға қатысты тапсырмалар берілді.

 

 

 

 




Көрілген: 3649    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 17:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30