Алаш үні

СҚО-дан он төртінші ғасырдың монетасы табылды

  • СҚО-дан он төртінші ғасырдың монетасы табылды

    СҚО-дан он төртінші ғасырдың монетасы табылды

Солтүстік қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданында орналасқан «Қызыл оба» қорымындағы қазба жұмыстары кезінде екі ересек адамның және екі баланың моласы табылды.

Сондай-ақ археологтар осы молалардың бірінен Алтын Орда дәуіріне тиесілі күміс ақшаны анықтаған. Бұл 14-ғасырға тиесілі жәдігер. Монеталарда арабша жазу бар. Және оның екінші бетінде 1337 жыл көрсетілген. Бұл сол кездегі қазақ даласын мекендеген халық ислам дінін ұстанғанын аңғартып отыр. Жалпы айта кету қажет, «Қызыл обадағы» қазба жұмыстары былтыр басталған. Екі жылда ғалымдар 700 шаршы метрден астам аумақты зерттеп үлгерді. Енді болашақта бұл жерді турситік орталыққа айналдыру көзделіп отыр. Ол үшін білім министрлігімен бірлескен жоба құру жоспарда бар.

Тимур Смағұлов, археологиялық экспедицияның жетекшісі: - Табылған монеталарды танымал ресейлік нумизмат Павел Петров 14-ғасырдың 30-жылдарына тиесілі екенін дәлелдеді. Және ол Өзбек хан тұсында жасалынған екен. Жалпы осы Алтын Орда дәуіріне қатысты деректер кітаптарда өте аз. Сондықтан алдағы уақытта осы жерден әлі талай тарихтың жаңа беттері ашылатынына сенімдімін.




Көрілген: 2853    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.10.2020, 09:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...
    5 Қаңтар, 00:04
    Асық ату архаизм бе?
    18 Желтоқсан 2020
    Қыздардың көз жасы
    31 Қазан 2020
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан 2020
    Ақылдың кені
    21 Қыркүйек 2020
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек 2020
    Ташкентте болған той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31