Ұлтымыздың атауы «Қазақ» сөзі қалай пайда болды?

Ұлтымыздың атауы «Қазақ» сөзі қалай пайда болды?

 Сөз қадірі – өз қадірің. Себебі әдепті сөйлеу, сөзді өз орнымен қолдану – ақылдылықтың белгісі. Оған халық ауыз әдебиетін, әсіресе, мақал-мәтелдерді жетік біліп, әр сөздің сырына үңіліп, кітапты көп оқу арқылы жаттығып, төселеді. «Ақылды адам сөзді нақылсыз айтпайды» деген содан шыққан.
Ғалымдардың айтуынша, адам бір күнде 10,000 сөз қолданады екен. Бірақ көбіміз қолданып жүрген сөзіміздің астарына үңіле бермейміз. Ендеше, мына сөздердің қалай пайда болғаны туралы білгеніміз абзал.

Біздің ұлтымыздың атауы «Қазақ» сөзі қалай пайда болды?

Бұл сөздің шығу тарихы туралы пікір көп. Көптеген ғалымдар «қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д. VII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпасының атымен, не «еркін» сөзімен байланыстырады.

Қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Қазақ» сөзі «өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты» дегенді білдіреді», – дейді.

Ал тарихшы Ибн Рузбихан XVI ғасырдың жазбаларында былай деп жазған: «Әр жерде қазақтар өздерінің ержүректілігі, батырлығы, зор күшімен белгілі болған. Бұл туралы араб және бірқатар өзге тілдерде көп деректер кездеседі».

«Қазақ» сөзінің шығуы туралы ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлерін тұжырымдап, екі қорытынды жасауға болады: алғашқысы – «қас» және «сақ» атауларының бірігуінен шыққан; екіншісі – «ерікті адам» деген мағынаны білдіреді.

”Қазақ” сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдардың пікірлері әртүрлі.

Мұхамед Хайдар Дулатидің "Тарихи Рашиди" еңбегінде ол «қазақтарды» «қашқын» деп сипаттаған.

"... Сүйтіп Керей мен Жәнібек өзінің елінен ірге бөліп қашып шығып, біраз уақыт қаңғырып жүрді. Оларды «қазақ» деп атады. Ақыры сол атқа ие болды..", - делінген оның еңбегінде.

Кей деректер бойынша Дулатидің өзі де «қазақ» боп қашып шыққанын, Орыс ханның ұрпағымен жауласқан шайбаниліктердің ұрпағы екені, сондықтан «қашып шыққан», «қашқын» сөзін қолданғандығы айтылады.

Зерттеуші Ә. Әбдірахманов «қазақ» сөзінің төркіні «қаз» және «оғ» (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жасалғанын айтқан.

«Оғ» – көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. «Қаз – оғ(оқ)» – қазақ тайпалары деген ұғымды білдіреді.

Ал орыс ғалымы А. Бернштам ұзақ уақыт бойы қазақ халқының шығу тарихын зерттеп, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерін жазба әдебиеттің деректерімен салыстырып мынадай тұжырым жасаған: «қазақ» сөзі Қаспий маңы және сақ тайпаларының бірігуінен пайда болған.

Қазақстандық археологтар Виктор Зайберт, Александр Кисленко, Владимир Зайитов, Олег Мартинюк 50 жыл ғұмырын Қазақстан тарихы мен қазақ атауының пайда болуын зерттеуге арнаған.

Шығыс Қазақстанда жүргізілген қазба жұмыстары негізінде алынған соңғы мәліметтерге сәйкес, олар бұл атау скиф тілінен шыққан деген тұжырым жасады.

Ғалымдар мәліметтері бойынша скифтер өздерін сақ деп атаған.

Ал қыпшақ тілінің ежелгі Ватикан сөздігі «Кодекс Куманикус» ежелгі қолжазбадағы жазбалар бойынша «қазақ» сөзі «бойдақ» деген мағынаны білдіреді.

"Қазақ сөзі барлық түркі тілдерінде «қырағы»,«сақ» дегенді білдіреді. Бірақ «ка» префиксі нені білдіреді? Көне түркі тілдерінде бұл сөз «ұлы» деген мағынаны білдірген екен. Мысалы, «ка-хан» енді тек «хан» емес, «ұлы хан». Яғни, «ка-сақты» «ұлы сақ» деп аударудың мағынасы бар. Бұл сөз ежелден, бес ғасырдан астам уақыт бұрын этнонимге айналған", - дейді ғалымдар.

Ал 1245 жылы мәмлүктік Мысыр елінің қыпшақтары тарапынан жасалған қыпшақ-араб сөздігінің қолжазбасындағы «қазақ» сөзі отбасылық жағдайды білдіретін «үйге кірген, үйлі болған, бөлінген, бөлініп еншісін алған» деген мағыналарды бергендігі айтылған.

Осы қыпшақ-араб сөздігінің қолжазбасымен арнайы жұмыс жасаған ғалым Қалдыбай Қыдырбаевтың айтуынша, осы уақытқа дейін біз қыпшақ-араб сөздігінде қазақ сөзінің мағынасы "кезбе, қаңғыбас" деп жүрдік.

Бұл сөздікті 1894 жылы Хоттсман голландиялық ғалымы зерттеген.

"Сөздіктегі «қазақ» атауының араб тіліндегі мағынасы «Әл-Мужәррад» емес, «Әл-Мухәррәд». Сөздіктегі бір нүктеге бола, Хоттсман оған басқаша жағымсыз мағына беріп жіберген. Араб тіліндегі «Әл-Мухәррәд» – "үйлі болып бөліну, бөлек шығу" деген мағынаны білдіреді", - дейді ғалым.

Айтуынша, қазақ сөзінің мағынасы Қазақ хандығы тұсында нақтылана түсті. Оны "бөліну, үйлі болу" деген мағынада қолдана бастаған.

"1465 жылы Әбілқайыр Керей мен Жәнібектен бөлінетін кезде қазақ сөзін қолданған. Біз қазақ боламыз, бөлініп, ел боламыз деп үдере көшкен. Осылайша, қазақ сөзі ұлттың атына айналған болуы мүмкін", - дейді Қалдыбай Арыстанбекұлы.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста