Алаш үні

"Үйдің астан-кестеңін шығарып жатса да, дымын білдірмейді": Дана Нұржігіт қазақ отбасыларындағы зомбылық жайлы айтқан сөзі үшін сынға қалды

  • "Үйдің астан-кестеңін шығарып жатса да, дымын білдірмейді": Дана Нұржігіт қазақ отбасыларындағы зомбылық жайлы айтқан сөзі үшін сынға қалды

Танымал тележүргізуші, сенатор Дана Нұржігіт қазақ отбасыларындағы зорлық жайлы айтқан сөздеріне байланысты сынға қалды. Желі қолданушылары журналисті таяқтың астында қалып, ештеңе білдіртпеуді дәріптеп отыр айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дана Нұржігіт "Ашық Алаң" бағдарламасында қазақстандық отбасылардағы қайшылықтар жайлы өз ойын білдірген.
"Қаншама әйелдің тағдыры өтті. Қазақы тәрбие, отағасының абыройы деген дүние бәрібір қазақ әйелінің табиғатында басым тұрады. Кейбір әйелдер елдің алдында жүреді, әдемі киінеді, төрт құбыласы тең болып көрінгенімен, кешке әңгіртаяқ ойнатқаны, не болмаса балаларды тырқыратып қуып, бір үйдің астан-кестеңін шығарып жатса да, дымын білдірмей жүрген әйелді көрдім. Соның бәрін аттап кетпей, бәрібір үй болайық, шаңырақ болайық, ел алдында абыройды ойлаған әйел қазақ әйелі дер едім. Сондай тағдырлар көз алдымызда жүр, бірақ жымын білдірмейтін қазақ әйелдерінің намыстылығы сіз ойлағандай қорқыныш тудырмайды. Еуропа елдерінің әйелдері болса, шенеунік жұмысым бар, тамағыңды өзің жеп ал деп бәрін аттап кететін қазақ әйелі емес", - деді ол.

Желі қолданушылары Дана Нұржігітті таяқтың астында қалып, ештеңе білдіртпеуді дәріптеп отыр деп түсінген. 

"Дұрыс айтасыз, қазақтың көп әйелінің басындағы жағдайды айттыңыз. Сол қызметтен отбасымыз жоғары тұрады", "Дұрыс айттыңыз", "Дана ханым, мен сізді парасатты, білімді адам деп білетінмін. Орта ғасырлық стеоротипке құрылған ойыңызды түсінбедім. Отбасындағы агрессорға төзіп, басқалары невроз бола берсін бе?", "Таяқтың астында жүріп, ештеңе білдірпеуді дәріптеп отырсыз ба?", "Сосын намыс деп жүргенде ешкімге керек емес ауру әйелге айналғанын бір біледі", - деп пікір жазған желі қолданушылары.

Дана Нұржігіт Tengrinews.kz порталына берген пікірінде ер азаматтар әйелдердің қадірін түсініп, бағаласын деген ниетпен айтқанын айтып өтті.

"Ақындар "Қайран біздің аналар арды ойлаған" дейді. Арды ойлаған аналарды арамызда көріп жүрміз. Қазақ әйелі ерінің басын елге теңеген, елдің абыройы деп ойлаған. Сондықтан, осыны бағалайтын әйел адам не үшін көп қиындыққа көніп жатыр? Не үшін көп қиындыққа осылай үндемей, бір үйдің емес, бір елдің ұйытқысы болып жатыр? Осыны түсінетін арда азаматтарымыз болса екен, шіркін. Осының құнын білетін, әйелдің ақылын, төзімін, шыдамын, парасатын бағалайтын ер азамат көп болса екен деген пікір болатын. Бұл жерде көнбестікке шыдау, таяққа шыдау туралы пікір болмады. Әйелінің парасатының, биіктігінің құнын білетін ерлер көп болса, дүние тепе-теңдікке жетер еді. Менің пікірім - осы", - деді сенатор.




Көрілген: 1919    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.03.2021, 14:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31