Құпиясы көп Көккесене

Құпиясы көп Көккесене

Қазақ халқының хас батыры атанған әйгілі Алпамыстың асыл жары Гүлбаршын сұлудың мәңгілік мекені қайда жатыр? Алаштың ардақтысына айналған батыр жайында айтылатын аңыздарда оның құдай қосқан қосағы жайында егжей-тегжейлі айтылған. Алайда Гүлбаршын сұлудың қай жерде дүние салғаны туралы қазір түрлі жорамал жасалып жүр. Көне Сырдың бойында Көккесене деген жер бар. Ол облыстың Жаңақорған ауданының Төменарық елді мекеніне жақын орналасқан. Дәлірек айтқанда, 100-ге тарта түтіні бар Қожамберді ауылының тап іргесіне орын тепкен кесенені жергілікті жұрт Алпамыс батырдың жарының мәңгілік мекені деп айтады.
Көккесене өткен ғасырдың отызыншы жылдарына дейін жеткен. Қаншама ғасырдан бері жеткен мәдени ескерткіштің жауын-шашынның, желдің және өзге де табиғи құбылыстар салдарынан қабырғасы мүжіліп, жарамсыз күйге түскен екен. Сол кезеңде ұлтымыздың бұрынғы тарихына бейжай қараған уақыт болды емес пе? Онсыз да сапасы сын көтермей тұрған кесене осындай немқұрайдылық салдарынан жермен-жексен болып, қирап қалған. Қазақтың қабырғалы қаламгері Бейімбет Майлин Көккесене жайлы тасқа басылған тұщымды еңбектерін қалдырып кеткен екен. Осыдан 85 жыл бұрын «Еңбекші қазақ» газетінде «Мәдениет мұралары» деген мақала жарияланған. Онда тарихи ескерткішті қорғауға байланысты өз көзқарасын білдірген. Дегенмен оған құлақ асқан ешкім болмаған секілді. Күтімсіз қалған кесене бір­жола құлап тынған. Жаңақорғандық журналист-жазу­шы Адырбек Сопы­беков Көккесене туралы біршама деректер келтіреді. Ауданның шежіресі басылған «Жаңарған Жаңақорған» кітабында академик Әлкей Марғұланның еңбектерінде айтылған Баршынкентке тоқталады. «Көптеген зерттеулерде Баршынкент Сыр­дарияның оң жағасына қоныс тепкені айтылады.
Көккесене де соған таяу жерде бол­ған деу­шілер де бар. Бұл әң­гіме шын­дыққа жанасатын секілді. Гүлбаршын сұлу бақи­лыққа аттан­ған­да, оны елсіз далаға апарып жер­леген жоқ. Қала маңындағы қо­рымның біріне жерлеген. Де­мек, Баршынкент пен Көк­ке­се­не­нің арасы онша қашық болмаған се­кілді. Сондықтан әйгілі кесенені Гүлбар­шын сұлудың мәңгілік ме­кеніне айналған қасиетті орын деп са­насақ, артық емес», – дейді Адыр­­бек ағамыз ескіден сыр шер­тіп.

Қазір Көккесенені көргендер азаю үстінде. Бұл да – өмірдің заң­дылығы. Бұ­рын­ғы заманның ба­ғалы дүниесін зер­де­сіне то­қы­ған құймақұлақ қартта­ры­мыз ке­міп барады. Дегенмен бүгінгі күні 90 жас­қа таяп қалған Сейдан Нұр­лы­беков атамыз кесене жайында кейінгі ұрпаққа қызық­ты деректер келтіреді. Ол кісі өзінің көзімен көрген бірқатар жайларды әңгі­ме­леп береді. 1930 жылдары қа­зіргі Қожам­бер­ді батыр аталатын ел­ді мекеннің аты Қандыарал бол­ған екен. Ағамыз ауылдағы төрт ­жыл­­дық мектепте оқиды екен. Ұс­та­зы Айтмұхан олар­ды Көк­ке­се­н­еге жиі алып баратын кө­рінеді. «Біз­­ге тарихи орын жайын­­да қы­зық­ты сыр шер­теді. Ұстазымыз айт­­қан мына бір әңгіме есі­м­де қа­лыпты. Кесене құ­ла­май тұрғанда, түн ор­та­сында ол жерден жарық кө­рінеді екен. Ол заманда шы­рақ­шы деген жоқ. Сонда бұл сәуле қай­дан түсіп тұр? Жарықтың пай­да болу себебі бар екен. Кесене кір­піштеріне түрлі хи­миялық қос­па­лар қо­сыл­­­ған екен», – дейді ағамыз.
Бұл сөздің жаны бар секілді. Бұл тұр­ғыда Яку­бов­ский, Каллаур секілді ғалым­дар да жазған. Олардың па­йым­дауынша, кесене құрылысына жа­сыл түсті малахит пен ази­рут-жез қоспалары қо­сыл­ған. Одан басқа да қоспалар бар. Олар түнгі уақытта сәу­ле шығарып тұ­ратынға ұқсайды.
Жалпы, Көккесенеде құм бас­қан көп сыр жатыр. Өткенді тани білеміз десек, осын­дай киелі орындар жөнінде зерделі зерттеу жүргізгеніміз орынды болар еді. Өкінішке қарай, қазір бізде ар­хео­логия ғы­лымы өз деңгейінде дами қойған жоқ. Бол­маса өзге жұртқа біздің де тарихы­мыз­дың тамыры тым тереңде жатқандығын дә­лел­дейтін деректерге қол жеткізе алар едік.
Қуаныштысы, сол жерде дү­ние­ге келген және қазір сол маңда өмір сүретін ағайын­дар Көк­ке­се­неге байланысты игілікті істі қолға алып жатыр. Кесененің орнына жа­ңа­сын салуды жоспарлауда. Оны ата-баба аманатына адалдық деп бағаласақ, артық болмас.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста