Қызығы мол Қызылқұм

Қызығы мол Қызылқұм

Табиғат-ананың талғамына шек жоқ. Бір аймақ жасыл желекке малынып тұрады. Екіншісінде – мүлдем өзгеше. Өсімдік әлемі өте сирек. Жортқан жан-жануары да көзге ілуде бір түседі. Біз мұндай өңірді шөл және шөлейтті аймақтар санатына жатқызамыз. Қазақ даласының жарымына жуығы осындай қоршаған ортаға орын тепкен. Дәлірек айтқанда, Қазақстанның 44 пайызы шөлді дала екен. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демей ме, ата-бабаларымыз. Қалай айтсақ та, өзімізге біздің төл топырақтан асқан жаннат жоқ.
Талайдың жағы талғанша мақтайтын келбеті көркем жеріне барғанның өзінде тезірек кіндік қанымыз тамған, ержетіп, есейген атажұртқа жеткенше асығатынымыз сол себепті шығар дейміз. Байтақ елімізде аты ел-жұртқа етене таныс, естігенде елең ете қалатын, көнекөз қариялардан көптеген аңыз-әфсана тыңдап өскен Қызылқұм, Мойынқұм, Мырзашөл, Бетпақдала, Қарақұм сынды көптеген шөлді аймақтар бар. Азияның төрінде қоныс тепкен Қызылқұм шөлі жайында елдің арасында қызықты әңгімелер жиі айтылады.
Қызылқұм Орталық Азияның қақ ортасында жатыр. Негізінен, Қазақстан мен Өзбекстан аумағын алатын шөлдің бір бөлігі Түрікменстан жерін де қамтиды.
Біздің елімізде оның басым бөлігі Қы­зыл­орда облысымен шектеседі. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар ау­дандары Қызылқұм шөлімен жағалай орын тепкен. Қысқасы, Қызылқұм шөлі қазақ жерінің басым бөлігінде жатыр.
Өткен ғасырдың ортасына дейін атал­мыш шөлді аймаққа онша түрен тие қой­ма­ған еді. Саясатты желеу еткен жұрт тың жер­лерді игеруге білек сыбана кірісті. Қызыл­дың құмында талай қоныс бой көтерді. Иен жатқан боз дала төрт түліктің өрісіне айналды. Қыруар шаруа атқа­рыл­ды. Артезиан құдықтары қазылды. Қы­зыл­құм шөлді аймаққа қоныс тепкенмен, оның жерасты су қоры мол екенін айтады мамандар. Өйткені сол бір жылдарда ар­те­зиан құдығын қазған мамандар әрбір ауылға сапалы ауызсу жеткізу қиынға түсе қоймағанын тілге тиек етеді. Тағы бір елең еткізерлік жағдай, сол қазылған артезиан құдықтарынан негізінен ыстық сулар атқы­лап шығыпты. Осындай жерлер Қызыл­орда облысының Жаңақорған ауданынан бастап соңғы нүктесіне дейін жиі кездеседі екен. Оның сыры неде екенін әлі ешкім біле алмай жүр. Облыстық басылымда ұзақ жылдар бойы қызмет жасаған Ақбер­ген Ержан ағамыз бірде «Мен сол тақы­рып­ты көп зерттедім. Мамандармен сөй­лес­тім. Әдетте жер астынан шыққан су мұздай болады емес пе? Ал олар қол күйіп қалардай ыстық болады. Неге бұлай еке­ніне ешкім нақты жауап қайтара алмады», – дейді ол кісі. Жұрттың айтуынша, аталған ыстық судың адам денсаулығына шипасы өте мол көрінеді. Соған түсіп, дертіне шипа тапқан адамдар да бар. Осыған бай­ла­ныс­ты жердің астынан буы бұрқырап шығып жатқан суды шалғай өңірлерден іздеп келетіндер көп-ақ.
Қызылқұмның жазы ыстық, қысы қоңырқай салқын болады. Күннің шуағын төккен кезін жергілікті жұрт тиімді пай­да­ла­нып қалуға тырысады. Денесін салқын алып қалғандар ыстық құмға жатып, содан дертіне дауа іздейді. Расында да, содан кейін ауруынан құлан-таза айығып кеткен кісілер аз болмапты. Дегенмен қазіргі кезеңде бұл әдіс елдің жадынан өшіп бара­ды. Сол маңда тұрса да, ұсақ-түйек сыр­қатына ем іздеген ел облыс және аудан орталықтарына қарай ағылады. Түрлі дерек көздеріне сүйенсек, кейбір мемле­кет­терде оған кәдімгі медицина өкілдері де бет бұрып, ыстық құм арқылы адам­дар­ды емдеуге бет бұрған. Өкінішке қарай, біздің елімізде бұл әдіс әлі күнге дейін кең көлемде қолданылмай келеді.
Шөл дегенімізбен Қызылқұмның қой­науы төрт түліктің жайылымына қолайлы өңір. Бұрынғы жылдарда қойшы таяғын ұстаған ағайын осы бір жерлерге жазғы кезеңде тезірек жетуге тырысатын. Жайлау төсінде мал тойынып, атакәсіпті ардақ еткен жұрттың еңсесі түзеліп қалатын. Қызыл­құм төсінен жусан, жүзгін, бұйырғын се­кілді көптеген өсімдіктер өседі. Қара­пайым еңбек адамдары қысқы мал азығын сол алқаптан жинап алатын. Көп жылдар бойы мал шаруашылығында еңбек еткен Әшім Ысқақов ағамыз:
– Қызылқұмның қойнауы малдың жай­лы қонысының бірі еді. Сол себепті де шы­ғар, біз ұзақ уақыт бойы сол жерлерді мекен етіп, төрт түліктің қоң жинауына көңіл бөлетінбіз. Қазір соған көңіл бөлін­бей барады. Күзге салым етке өткізетін қой­ларды ала жаздай сонда бағатын едік. Соның нәтижесінде олар жақсы семіріп, қаншама бейнеттің өтеуі қайтып жататын», – дейді.
Рас, Қызылқұмның бұл да шаруа қауым­ға тигізген орасан зор пайдасы екенін айтпай-ақ түсінуге болар. Сондай-ақ аталмыш өңір жерасты қазба бай­лы­ғына бай екені де жиі айтылады. Көршілес Өзбекстанның Зарафшан аймағында газ, алтын секілді химиялық элементтер бұ­рын­нан өндіріліп келеді. Ал Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі аудан­да­рының Қызылқұм бөлігінде соңғы жыл­дарда уран кеніне түрен тие бастады. Сонымен қатар, оның Арал теңізімен шектесетін бөлігінде мұнайдың мол қоры бар екенін мамандар жиі айтып жүр. Айт­пақшы, дүниежүзінде сұранысы жоғары мәрмәр, графит, таскөмір, алтын секілді дүниелер де осы өңірден молынан табы­ла­тынға ұқсайды.
Шөл болсын, шөлейт болсын, Қызыл­құм біздің жанымызға жақын өңірдің бірі. Кейбір елдер осындай жерлерде эколо­гиялық туризмді дамытуға ерекше мән беріп отыр. Өкінішке қарай, әлемдегі әйгілі шөлдерден ешбір кем түспейтін Қызылқұм сол баяғысынша бұйығы қалпында сырын ішіне бүгіп жатыр. Оның құпиясының кілтін табуға қашан көңіл бөлмекпіз?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста