Алаштың азаматтық кодексі

Шенділер қос азаматтықпен күресуге неге құлықсыз?

  • Шенділер қос азаматтықпен күресуге неге құлықсыз?

    Шенділер қос азаматтықпен күресуге неге құлықсыз?

Қос азаматтығы бар «қосмекенділерден» келетін қауіптің қандай қорқынышты екеніне Украинадағы саяси шиеленістер кезінде бүкіл әлемнің көзі жетті. Содан болар, Ресей мен Украина депутаттары дереу дабыл қағып, өз елдеріндегі азаматтық беру мәселелерін жүйелеуге кірісіп кетті. Ресей билігі азаматтыққа бағытталған заңдарын өзгертіп, өздерінің мүддесін қорғайтындай қадамдар жасап үлгерді. Ал, біз ше? Бір басында екі елдің азаматтығы бар депутаттардың бар екені анықталып жатса да, қозғалар түріміз жоқ. «Алаш айнасы» осы мәселеге орай ой түйіп көрген еді.

Әңгімені шетелден бастайық. Францияда сырттан келіп, азаматтық алуға тілек білдіргендерге «французбын» деп жазуға шарт қойылады екен. Сырттан келген келімсек французға үйленсе немесе тұрмысқа шықса, азаматтық алады, ал ажырасса, сол сәтте азаматтықтан айырылады.

Қазір Қазақстанға келетін келімсектердің дені қазақ қыздарымен үйленіп, азаматтық алған соң, ажырасып кетіп жатады. Біз оларға шарт қоймақ түгілі өз қыздарымызды мазақ етіп, тағдырларын тәлкекке салуларына жол беріп қойдық. (Қараңыз: Шетелдіктер қыздарымызды қашанғы «лақтырып» кете береді?). Бұл бір. Екіншіден, қазір еліміздің азаматтары Ресей азаматтығын шекарадан шықпай-ақ елшілік арқылы ала алады. (Қараңыз: Бипатрид дерті: Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ азаматтық алуға бола ма?).

Бізде жаға ұстатарлық мұндай деректер өте көп. Соның бәрін халық қалаулылары, депутаттар көрмей отыр ма?

Көріп отыр. Бірақ, сол біз сенген, осы олқылықты түзейді деген азаматтарымыздың өзінде қос азаматтық бар екені айтыла бастады. Тіпті, өткен аптада еліміздің Бас прокуратурасы Қазақстан мен Ресейдің азаматтығын қосарлап алып Парламентте отырған бірқатар халық қалаулыларын анықтағанын мәлімдеді.

Қос азаматтығы бар адамның мемлекеттік орындарда қызмет етуі Ата заңымызды аяқ-асты еткенмен бірдей. Конституциямыздың осы басты талабын басқалар емес, заң жазып, «халық» деп еңірегенде «етектері жасқа толатын» депутаттар бұзған кезде басқадан не қайыр?

Олар кімнің сөзін сөйлейді?. Қай мемлекеттің мүддесін қолдайды? Бұл турасында ҚР Бас прокуратурасы департамент басшысының орынбасары Нұрдәулет Сүйіндіков: «Екі елдің азаматтығын алып, заң бұзған азаматтардың аты-жөнін алдағы уақытта міндетті түрде жариялаймыз. Олар қазір мемлекеттік қызметте, тіпті Парламенттің қос палатасында еңбек етіп, екі елдің де жеңілдіктерін бірдей пайдаланады. Яғни екі жақты зейнетақы, жәрдемақыға қарық болып жүр. Ал бұл біздің Ата заңымызға мүлдем қайшы келеді, – деген еді.

Демек, бірқатар депутаттарымыз қара басының қамымен, азаматтықты, қала берді мемлекетімізді сатты деген сөз.

«Алаш айнасының» түйіні

Қайтадан шет ел тәжірибесіне сүйенейік. Израильде азаматтық алу үшін кім екеніңе, қай ұлттан екеніңе де қарамайды, тек «евреймін» десең болды. Израиль азаматтығын аламын деп сұрау салып, өтініш жазатын болсаң, қандайда тұрақсыз, қауіпті жерлерде жүрсең де, әскери ұшақпен келіп, Израильге алып кетеді екен. Құдай сақтасын, егер біздің елде алда-жалда саяси жанжал туа қалса, төбемізде өз азаматтарын қорғайтын «ұшақтар» қаптап кетпесіне кім кепіл?




Көрілген: 2078    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.08.2014, 16:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30