Көшбасшы

Елбасымен кездескені есінен кетпейді

  • Елбасымен кездескені есінен кетпейді

    Елбасымен кездескені есінен кетпейді

Адамға баспаналы болу да – бір бақыт. Ал Алматы мегаполисінен пәтер алу бұдан екі есе үлкен қуаныш екені сөзсіз. Оның үстіне мұны Елбасының өз қолынан алсаңыз, ондай қуанышты сәт ешқашан ұмытылмасы анық. Осы ретте кезінде Елбасының қолынан пәтер кілтін алып, үлкен қуанышқа кенелген Салтанат Қайролданова 1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай өз өміріндегі аса қуанышты сәтін тағы бір еске алып, үлкен тебіреніспен айтып берді.

Салтанат ҚАЙРОЛДАНОВА, оқытушы-аудармашы:

– Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін биыл халқымыз екін­ші рет атап өтуде. Жалпы, тәуелсіз Қазақ­стан­ның іргетасын қалап, шека­расын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар бер­ген Тұңғыш Президенттің халық ал­дындағы еңбегі ұшан-теңіз. Қазір Қа­зақ­станды әлем мойындады. Әрине, мұ­ның барлығы – Елбасының жемісті еңбегінің нәтижесі. 2005 жылы, яғни осыдан сегіз жыл бұрын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша жас отбасы ретінде бізге Елбасының өзі пәтер кілтін табыс етті. Енді Ұлт көшбас­шысының қолынан мұны алу – біз үшін зор бақыт. Өйткені мұндай кездейсоқ кез­десулердің өзі өте сирек болары белгілі. Бұл кездесу  – мен үшін теңдесі жоқ қуаныш, үлкен бақыт. Ол менің жа­дымда мәңгілік тарихи оқиға болып қала береді. Ел­басымен ерекше кезде­суім ешқа­шан есімнен шықпайды. Сон­дықтан Тұң­ғыш Президент күні қарса­ңында Ел­басымызға ұзақ ғұмыр, мықты ден­саулық, көк туымызды биік­терге жел­бірету жолындағы еңбегіне табыс тілеймін.




Көрілген: 1623    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2013, 12:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30