Көшбасшы

Исламның тұсауын Президент кескен

Осыдан тұп-тура 15 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келгені, әсіресе сол кездегі мерейлі сәттер Исламның анасы Ғалия Кәленованың көкірегінде кешегідей сайрап тұр. Бір жасқа енді ғана толып, аяғын апыл-тапыл басқан жалғыз ұлының тұсауын Елбасының өз қолымен кесіп, ақ батасын бергендегі жан толқынысы ана жүрегін әлі тербейді.

Өскемендегі Достық үйінде 1998 жылы қазақтың Тұңғыш Президенті тұсауын ке­сіп, өмірге басқан алғашқы қадамына ақ­жол тілеп, батасын арнаған Ислам Асқар­ұлы қазір 16 жаста. Облыс орталығындағы Шығыс техникалық гуманитарлық коллед­жі­нің 1-курс студенті. Грантпен білім алып жүр. Колледждегі кураторы Гүлайым Рахымғазықызының айтуынша, Ислам са­бақ­ты жақсы оқиды. Қоғамдық іс-шара­лар­ға да белсенді қатысып, үнемі қатар­лас­тарының алды болуға ұмтылып тұрады.

– Анам тұсауымды ырымдап Елбасыға кестіргенін ұдайы құлағыма құйып оты­ра­ды. Мені де Нұрсұлтан Әбішұлы сияқты елі­нің сүйікті, біртуар азаматы болып өссін деп ырымдаған ғой. «Баталы ұл арымас, батасыз ұл жарымас» деп атам қазақ айт­пақшы, ол кісінің берген ақ батасының қа­сиетімен кішкентайымнан оқуымды жақсы оқып, сенім артқан адамдардың үмітін ақ­тап келемін деп ойлаймын. Қандай да бір жаңа іске қадам басар алдында өзімнің те­гін адам емес екенімді, Президент маңда­йым­нан иіскеген, ақ батасын берген баталы ұл екенімді жадымда ұстап, соған лайықты болуға тырысамын, – деді Ислам Асқарұлы.

Анасының айтуынша, Ислам сәби кезінен салмақты болыпты. Өсе келе үйдің ұсақ-түйек шаруасына араласып, ана­сының қолғанатына айналған. Жаста­йынан еңбексүйгіш, тілалғыш, бастаған ісін аяғына дейін жеткізбей қоймайтын тиянақтылықты бойына сіңіріп ер жеткен ол бірінші орынға еңбекті қояды. Оның өмірлік ұстанымы – еңбек еткен адамның ер­теңі жарқын. Мұны ол сол бір жылғы Елбасының берген ақ батасынан, анасы­ның айтуы бойынша, жастайынан жадына түйіп алған. Әлі күнге дейін есінен шығар­ған емес. Болашақта өзінің ұрпағына да осыны насихаттап, үйретіп отыруды өзіне парыз санайды.




Көрілген: 1402    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2013, 12:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30