Көшбасшы

Тұңғыш Президенттің экономикалық феномені

  • Тұңғыш Президенттің экономикалық феномені

    Тұңғыш Президенттің экономикалық феномені

«Біз кезінде өзіміз таңдаған жолмен, дамудың қазақстандық жолымен жүреміз. Әлемдік тәжірибені зерттеп, талдай отырып, эволюциялық жолды таңдадық. Біз демократияны қарқынды енгізуге қарсымыз. Біз ешкімді көшіруге тырыс­паймыз. Елімізге және өз халқымызға қажет жұмыстарды тындырамыз. Бұл біздің қолымыздан келеді» (Президент Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен).

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі аз ғана уақыттың ішінде еліміз кеңестік командалық жүйеден нарықтық экономи­каға көшіп, өзгелерге мүлде ұқсамайтын даму жолына түсті. Бүгінде біз тек ТМД аясында ғана емес, әлемдік көлемде өсу қарқыны жағынан алға суырылып шыққа­ны­мызды мақтанышпен айта аламыз. Әл­бетте, елдің әлеуметтік-экономикалық жә­не саяси дамуы Тұңғыш Президентіміз Нұр­сұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз бай­ланысты. Кезінде бұл жайында Mo­ody’s Cor­poration әлемдік рейтинг агентті­гінің жетекшісі Дж. Резерфорд: «Біз Қазақ­стан­ның бүгінгі жеткен жетістігінде Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін жоға­ры ба­ғалаймыз. Оның саяси ерік-жігері мен қайта құруларынсыз мұндай күрделі эко­номикалық реформаларды жүзеге асы­ру мүмкін болмас еді», – деген болатын. Ал «На­зарбаев феномені» деген ұғым 80-жыл­дардың аяғында, 90-жыл­дар­дың басын­да-ақ пайда болған. Содан бері ол сарап­шылар мен саясаттанушылар лекси­ко­нына мықтап енді. Әсіресе бұл құ­былыс­қа зерт­теушілердің қызығушылығы зор.

Егемендікке қол жеткізген еліміздің ал­дында жаңа мемлекет құру, нарықтық эко­номикаға көшу, демократияны дамыту міндеттері тұрды. Осылардың ішінде қай­сы­сын алдыңғы кезекке шығару керек? Сол кезде Елбасының «Алдымен – эконо­ми­ка, содан кейін – саясат» деген форму­ла­сы негізге алынды.

«Қазақстан экономикасының жетістік­ке жету құпиясы неде?» деген сауалға жа­уап іздегенде, кейбіреулер «мұнай мен газ­да» деп қысқа қайырғанды жөн көреді. Алайда халықаралық сарапшылар мұндай дамудың негізінде мықты басшылық пен нарықтық реформалардың жемісті жүзеге асырылуы жатқанын мойындайды. Оған қоса, елдің өте қысқа мерзімде өсу жолы­на түсуі, ең әуелі, Елбасының дәуір ерек­ше­лігін сезінуінде. Өткенді түсініп, алда­ғыны болжай білген қасиетінде.

Қазіргі кезде біз Орталық Азия аума­ғын­да экономикалық өркендеу жағынан алдыңғы орында тұрмыз және ТМД аума­ғында «үлкен төрттіктің (Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан) қатарындамыз. Ал еске түсірсек, КСРО кезінде біздің ел көшбасшы деп саналған да жоқ. Сондық­тан жетістік себебін 90-жылдары бастал­ған қайта құрулардан, көптеп тар­тылған инвестициялар мен елін алға сүй­реген көшбасшының еңбегінен іздеген дұ­рыс. Айта кеткен жөн, бүгінде Орталық Азия­ға тартылған инвестициялардың 80 пайызы біздің елдің үлесінде. Бұл да көп нәрсені аңғартса керек.

Сөйтіп, 90-жылдары нарықтық эконо­ми­каға бет бұрсақ, 2000 жылдары өрлеу жолына түстік. 1999 жылдан бастап ел іш­ін­де жұмыссыздық деңгейі қысқара бас­та­ды. Айталық, 90-жылдардың соңында жұмыссыздық 13,5 пайыз болса, 2000 жылы – 12,8, ал 2011 жылы 5,8 па­йызға тө­мен­деді. Соңғы көрсеткіштің мәні де ер­екше. Себебі әлемдік дағдарыс жай­лаған кезде жұмыссыздық деңгейі – 15, тіпті 25 пайыздан асқан елдер бар.

Дағдарыс демекші, 2009 жылы біз ке­ңестік кеңістікте жақсы үлгіні паш еттік. Дағ­дарысқа қарсы бағдарламаны шұғыл қабылдап, бизнеске қолдау көрсету арқы­лы ЖІӨ-ні көтеруге мүмкіндік алдық. Сөй­тіп, біз жаһандық дағдарыстың қатерін азайт­тық. «Біз жылдам және батыл қимыл­дай­мыз. Себебі әлемдік дағдарыстың эко­номика мен қоғамға тиетін соққысына қар­сы қандай шара қабылдау қажеттігін жақсы білеміз», – деді Елбасы 2009 жыл­дың наурызында. Осы жылдар ішінде жан басына шаққандағы ЖІӨ де өсті. 2011 жы­лы ол 11,3 мың доллар болса, былтыр 13 мың долларды құрады. Биыл 14 мың дол­ларға жетуі тиіс. Әлбетте, осы жылдар іш­інде халықтың табысы да өсті. Орташа жа­лақы мөлшері көбейді. 1993 жылы ол 24,3 доллар болса, биылғы орташа айлық 700 доллардан асады.

Дағдарыс кезінде еліміз «ақылды эко­номикаға» бағыт алатынын мәлімдеген еді. Соның нәтижесінде жаңа өндірістер құ­рылып, жұмыс орындары ашылды. Эко­номикасы дамыған елдерге тән – вертолет жасау, автомобиль өнеркәсібі сияқты өн­дірістерге серпін берілді. Соңғы кезде тіпті ғарыш саласын дамыту қолға алынды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сая­си бағытының жемісті жүзеге асуының бір дәлелі ретінде Дүниежүзілік экономи­ка­лық форумның жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілік рейтингіне тоқтала кетейік. 148 ел қатыстырылған осы рей­тинг­те биыл 50-інші (өткен жылы – 51, 2011 жылы – 72) орынға шықтық. Еліміз­дің шикізат қорын анағұрлым тиімді пай­да­ланып, халықтың әл-ауқатын көтеруге ба­ғытталған қызметі осылай бағаланды. ДЭФ есебінде біздің еліміздің артықшылы­ғы икемді және тиімді еңбек нарығында (15-орын), сондай-ақ тұрақты макроэко­но­ми­калық көрсеткіштерде (23-орын) көрінді.

Президенттің маңызды экономикалық қадамының бірі – елдегі ірі экономикалық нысандардың шетелдік ірі компания­лар­дың басқаруына өтуі. 1994-1996 жылда­ры шетелдік басқаруға 45 ірі өнеркәсіп ор­ындары берілді. Әлемге әйгілі «Шев­рон», «ЭксонМобил», «Тексако», «Тоталь­Фи­на­Эльф», «Бритиш Петролиум», «Фи­липс Петролиум», TWG және өзге де көп­теген ірі корпорациялар келді. 1995 жылы 2 млрд доллар көлемінде тікелей ин­вес­тиция құйылды. Шетелдік капиталмен бір­ге нарықтық басқарудың жаңа әдістері мен тәжірибесі қоса келді. Ал Тәуелсіздік жыл­дары елге 160 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылды (2012 ж. – 18 млрд доллар).

Біздің Президент экономиканың тұрақ­ты дамуын, әсіресе жеке кәсіпкерліктің қам­тамасыз ететінін әу баста-ақ білді. Сондықтан өзін-өзі жұмыспен қамтитын­дар­ға жұмыс істеуге қолайлы жағдай жа­сау қажеттігіне мән берілді. Бизнеске көр­сетілген жан-жақты қолдаудың арқасында елдегі шағын және орта бизнестің өрісі кеңіді (бұл туралы біздің газет бетінде талай жазылды).

Сондай-ақ қазақстандық экономика же­тістігінің бір себебін сарапшылар Пре­зи­денттің кадр саясатынан іздейді. Елба­сы­ның қолдауымен жаңа бизнесмен-ме­нед­жерлерден жаңа саяси элита құрылды. Жас мамандар елдің ірі банктерін, ірі кә­сіпорындар мен компанияларды басқара бастады.

1996 жылы «Қазақстан – 2030» әлеу­меттік-экономикалық бағдарламасын әз­ір­леуге кірісті. Құжатқа сәйкес, еліміз 2030 жылы әлемдегі ең дамыған елдер қата­ры­на қосылуы тиіс делінді. Мұндай батыл ше­шімге таңырқаған шетелдік БАҚ біздің елге «Азия барысы» деген атау берсе, сол кездегі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс «Қазақстан бүкіл Орталық Азия аймағына мықты тіреу болатын тұ­рақ­тылық аралына айналады» деген бол­жамын айтты. Ал Елбасының өзі: «Жаңа ел­дің іргесін қалау үшін біз үш бірдей жаң­ғырту жүргізуге тиіс едік: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту. Біз өзіндік жолымызды айқын­дау­ға тиіс едік. Бұл жол «Қазақстан – 2030» Стратегиясында белгіленген болатын. Бұл құжат стратегиялық мақсаттар мен мін­деттерді пайымдаған, көзқарасымыздағы маңызды серпіліс болды», – деген бола­тын. Ал өткен жылы «Қазақстан – 2050» Стра­тегиясы» қабылданып, қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты белгіленді.

Ең бастысы, қазіргі заманда демокра­тиялық құрылым ғана халыққа ұзақ мер­зім­ді дамуға мүмкіндік беретіні дәлелден­ген. Сондықтан Президент Нұрсұлтан На­зар­баевтың «Алдымен – экономика, со­сын – саясат» формуласы өз жемісін бер­ді. Елбасы айтқандай, «Болашақты тоқтата ал­майсың, бірақ оны жоспарлауға болады».




Көрілген: 1664    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2013, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30