«Мен өз елімнің патриотымын!» Тәрбие сағаты

«Мен өз елімнің патриотымын!» Тәрбие сағаты

Сыныбы: 8 «З», Сынып жетекші: Усентаева Б.А. №178 лицей, Алматы қаласы


Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!»


Мақсаты:

1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

2. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, слайд, бейнетаспа


Барысы:

1. Ұйымдастыру.
Тәрбие сағатын еліміздің әнұранымен бастайық.

 

Әнұран

 

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін біздің өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!» Балалар, алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткеніміз жөн болар. 

 

Әр оқушы айтады

Сұлтанбек: Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін.


Нұрасыл: ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт- дәстүрін дәріптейтін.


Елжас: ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға.


Умида: Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет ететін.


Айзада: халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 

Ақтілек: Патриоттық ең алдымен туған елінің тамыры терең тарихын білуден, бабаларымыз ғасырлар бойы жүріп өткен қилы замандардан сабақ алудан басталады. Елінің өткеніне құрметпен қарап, қазіргі замандағы даму барысына шын ниетпен үлес қосып, болашағына үмітпен қарап, өз елінің перзенті ретінде азаматтық парызын адал атқарған адамды ғана шын мәнінде нағыз отаншыл адам деуге болады. Сондықтан ең бірінші қадамымыз тарихымызды білуде жатыр. Бұл ретте Елбасмыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласына тоқталып өтпесек болмайды.

 

 

Аяжан: Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде,ұлт тарихы басталады. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, ұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы, әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Осыған байланысты, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.


1. Атқа міну мәдениеті


2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия


3. Аң стилі


4. Алтын адам


5. Түркі әлемінің бесігі


6. Ұлы Жібек жолы


7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

 

 


Анида: Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. 


Закир: Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. 


Елжас: Қазақ халқы табиғатпен тығыз байланыста болған. Оның айрықша белгісі – аң стилі. Қазақ халқы күнделікті тұрмыста жануарлардың бейнесін бейнелеген. Мысалы: қошқар мүйізін текеметтерден, әшекейлерден көруге болады. Тасқа қашап салынған көне суреттерде де жануарлар көп бейнеленген. 


Рамазан: 4-ші қыры – ерте темір дәуірінің ең атақты экспонаттарының бірі-Алтын адам. Ол 1970 жылы Алматы облысы Есік қаласының Есік қорымынынан табылған. 


Айзада: Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алатын орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің 1 мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. 


Умида: Ұлы Жібек Жолы десе, көз алдыңа ұлан-ғайыр шөл дала мен жүк артқан керуендер елестейді. Ұлы Жібек Жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен. 


Жұлдыз: Қазақ даласы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Олар біздің жерімізде өсіп-өніп Ұлы Жібек жолы арқылы бүкіл әлемге таралған. Ғажайып жеміс саналатын алманың құрметіне әсем қаламыз Алматы деп аталды. Ал қазақ топырағындағы қызғалдақтар өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.  

Міне, балалар, еліміздің бай тарихы жайлы айтып, тамырымыздың тым тереңде жатқанына көз жүгірттік. Қазіргі таңда да қазақтың атын әр түрлі салада күллі әлемге таңытқан тұлғаларымыз жетерлік. Мысалы, спортта Дәулет Тұрлыханов, Серік Қонақбаев Қанат Ислам, Геннади Головкин сынды талай тұлғаларымызды айтып өтсек болады. Бұл тізімді көптеп жалғастыра беруімізге болады. Ал ғылым мен әдебиетте де әлем білетін тұлғаларымыз қаншама? Олардың қатарында ақын Олжас Сүлейменов,математик Асқар Жұмаділдаевтарды да айтып өтсек жарасымды. Ал өнерде қазіргі уақытта көптеген тұлғалармен Димаш Құдайбергеновті, Ержан Максимді атауға болады. Димаш Құдайбергенов әлемнің түпкір-түпкірінде өз концертін беріп үлкен саханаларда қазақтың күйін ойнап, әнін салу арқылы елімізді дүние жүзіне танытып жүр. Димаштың Америкадағы коцертінен үзіндіге назар аударып көрейікші. 


Бейне таспа

Ал өзіміз еліміздегі өнер, білім, спорт саласының дамуына шамамыз келгенше қандай үлес қосып жүрміз? 


Адал: Біз сыныбымыздың ұл-қыздары жеткен жетістіктерді көрсету үшін бейнетаспа дайындап едік. Осы уақытқа дейін жеткен жетістікітерімізге шолу жасап көрейік. 


Бейнеролик


Адал: Ал сыныптасымыз Рахмедия Нұрайдың да қазақтың көне аспабы Жетігенде күй тартып, әр түрлі конкурстардың жүлдегері атанып жүр. Енді Нұрайдың өнерін тамашаласақ. 


Рахмедия Нұрай күй.




Елбасымыз айтқандай XXI ғасыр – жастар ғасыры. Былтырғы 2019 жыл да жастар жылы аталды. Осы ретте Мұқағали атамыздың «Барлығы да сендердікі» деген өлеңін оқиық. 


Жібек:
Сендердікі-өмір,қоғам,заман да,
Сән түзеген қалаң менен далаң да.
Барлығы да мұра болмақ әманда,
Болашақ деп аталтын Адамға.

 

Айжан:
Қабылдаңдар қазынаны біз берген,
Қиындықты көрмессіңдер біз көрген.
Бұл өмірде сақтау үшін сендерді,
Бабаларың үйде туып, түзде өлген.


Мұстафа:
Сендер-дағы өздеріңше күресіп,
Өздеріңше сендар де өмір сүресің,
Болашақты жалғау үшін,болашақ
Бола жатар сендердің де үлесің.

 

Ақтілек:
Барлығы да сендердікі, барлығы-
Табыстаймыз жансыз бенен жандыны.
Армысыңдар,Ата ұрпақтың тағдыры!
Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры!




Адалдың сөзі: Қазақстан, сен заңғар биіксің,кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтың балаңмын! 


Нұралы: «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші болашағымызға көз жүгіртсек. Өйткені «Мәңгілік ел – болашақтың бағдары» деген ұстаным еліміздің басты ұраны іспетті. Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. 


Бикелді: Біз армандарды ақиқатқа айналдырып, мәңгілік елдің іргетасын қаладық. 


Сұлтанбек: Біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар – ол Мәңгілік Ел идеясы (макетті таныстыру) 

 


Темірлан: Елімізде жасалып жатқан түрлі бағдарламалар ұрпағының болашағын жарқын қылып, мәңгілік баянды етуге арналады. 


Нұрасыл: Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақ елінің бақытты перзенті болуға тиіс. Сондықтан Мәңгілік Елге айналу үшін біз ғылым-білімді меңгеріп талмай еңбектенуге тиіспіз. Барлығы да өз қолымызда. 

 

Бекжан:
Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. 

 

Оқушылар тақтаға шығып, келесі әріптерді көтереді.




Б – білімімді арнайтын
О – отанымды қорғайтын
Л – лаңкестікті даттайтын
А – адалдықты жақтайтын
Ш – шуағымды шашатын
А – асулардан асатын
Ғ – ғарыш сырын меңгерген
Ы – ынтымақты тең көрген
М – менмендікті жек көрген
Қ – қазаққа қызмет ететін
А – арманына жететін
З – заңды жақсы білетін
А – алға қарай жүретін
Қ – қайырымды елімнің
С – салтанатты жерімнің
Т – толықтырам сенімін
А – абыройын, жігерін
Н – намысын қолдан бермейтін 

Бәрі: Мен боламын еңбекқор, Болашағы елімнің!

 

 

Ән «Көк тудың желбірегені».

 

Қорытынды: — Міне, балалар, бүгін өздерің Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріктерінді, яғни, нағыз азамат болып қалыптасып келе жатқандарыңды көрсете білдіңдер. Биыл туғанына 80 жыл толып отырған белгілі ақын атамыз Жұбан Молдағалиев:


Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі, 
– деген екен. 


Сондықтан өткенін құрметтейтін, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтайтын, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, болашақтарын жарқын болсын!

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста