Ажырасудың алдын алуда медиацияның көмегі зор!

Ажырасудың алдын алуда медиацияның көмегі зор!

Дамыған отыз елдің қатарына ену үшін жасалған Ұлт жоспарында заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында, әсіресе сот саласына үлкен мән берілді. Оның ішінде сот рәсімдерін оңайлату жағы айтылып, бірқатар тапсырма берілген болатын. Осы бағытта бүгінде еліміздің соттарында медиация әдісі жиі қолданылуда. Әсіресе медиация жүйесінің ажырасудың алдын алуда, некені бұзу туралы талаптарды азайтуда өзінің оң әсерін тигізуде. 

Атап өтер жайт, бүгінде елімізде ажырасушылар қатары жыл өткен сайын артып барады. Әсіресе пандемиялық жағдай, карантин, қымбатшылық, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі жалпы ел ішінде қалыптасқан ахуал ажырасушылар қатарын арттырып, тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының көбеюіне өз әсерін тигізді. Сондықтан шағын мемлекет саналатын отбасылардың шаңырағының ортасына түскеніне жайдан жай қарап отыру мүмкін болмағандықтан, сот жүйесінде медиацияның рөлін арттырып, заңнамамамызға да өзгерістер мен толықтырулар енгізу уақыт талабы болып отыр.  Осы орайда сот жандарынан ашылған медиациялық кабинеттердің маңызын арттыру арқылы, екі тарапты келісімге шақыру жолдары жетілдіруде.

Яғни, сот қарауына жіберілген кейбір істер сотқа жетпей, екі тараптың бітімгершілікке келуінен жабылады. Мұндай әдістің сот ісіне үлкен көмек екені қазіргі уақытта дәлелденіп отыр. Бізде медиацияны пайдаланудың алғашқы талпынысы отбасылық қатынастар саласындағы дауларды шешу барысында жасалды. Кейіннен медиация отбасылық даулардан бастап коммерциялық және жария саладағы көп тарапты күрделі дауларды шешуде де табыспен қолданылып, мойындалды. Қазіргі кезде Қазақстанда әрбір  үшінші  неке ерлі-зайыпталардың  ажырасуымен аяқталады екен. 

Британдық «Economisrt» басылымының 2015 жылғы статистика  мәліметтеріне сүйенсек,  ажырасу  саны жағынан  көрші Қырғыз елі әлем бойынша  48-ші орында, 1 миллиардтан астам халқы бар Қытайда мың адамға шаққанда  ажырасу көрсеткіші 1,8 болса, ал  17  миллион ғана  халқы бар Қазақстан  бірінші  ондыққа кірген (1000 адамға шаққанда  ажырасу көрсеткіші – 2.8). Қазіргі таңда қоғам болып, осы бір көрсеткішті жақсарту жолдары қарастырылуда. Отбасы институттарын жетілдіру жолдары қамтылуда.

Сот тәжірбиесіне жүгінсек, ажырасудың  негізгі себептері –  ерлі-зайыптылардың  тұрмыста бірін-бірін түсінбеуі, олардың біреуінің  араққа салынуы немесе опасыздық жасауы, зорлық-зомбылық көрсетуі,   отбасындағы  материалдық  қиыншылықтар екен. Ажырасу шешімін шығару көбіне соттарға қатысты болғандықтан, мүмкіндігінше ажырасудың алдын алу жұмыстары жасалуда. Соның бірі сот мамандарының ұсынысымен ажырасу кезіндегі БАЖ салығының мөлшерін көбейту, оны ерлі зайыптыларды бөліп төлеуге міндеттеу секілді материалдық әрекеттер жасалуда. Осыдан біршама уақыт бұрын сот мамандарының елімізде ажырасу кезінде төленетін БАЖ салығының басқа елдермен салыстырғанда өте төмен болып отырғаны айтылған болатын. Сондықтан қазір осы салық мөлшерлемесін көбейтіп қана қоймай, оны төлеуді ерлі зайыптыларға теңдей бөлу арқылы олардың жауапкершілігін арттыру көлделуде. Қазір ажырасқысы келетін ерлі зайыптылар елімізде бұл салықты бөліп төлеуде. 

Әрине,   заң  тұрғысынан алғанда  неке қию (ерлі-зайыпты болу)   еркек пен әйелдің, ал осы некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату ерлі-зайыптылардың өз еріктері. Алайда,  қоғамдағы мінез-құлық ережелері бекітілген әдептілік  қағидалары,  дін  уағыздары, кез-келген  мемлекеттің  саясаты   ажырасуға қарсы. Кейде "ашу дұшпан" ерік бермей, ерлі зайыптылардың ажырасып алып, ашуы басылған соң қайтадан қосылып жататын оқиғалары да кездесіп жатады. Сондықтан мүмкіндігінше ажырасудың алдын алу жұмыстары жетілдіре бермек. 

Тек,  белгілі-бір жағдайларда ғана  – некедегі ерлі-зайыптылардың біреуі зорлық-зомбылық көрсетсе немесе онымен бірге тұру  жұбайының, балаларының  және  өзге де  отбасы мүшелерінің,   өміріне, денсаулығына қауіп төндірсе,  қандайда бір психологиялық  қысым көрсетілсе  ажырасу  абзал ғана емес, міндетті. Ондай  некені дер кезінде бұзбаса, арты қандайда бір қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін. Ажырасу туралы арыз ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен қаралып, олардың  өзара қатынастарын, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мәселенің себептерін, ерлі-зайыптылардың арасындағы алауыздықтың нақты себептерін жан-жақты анықтап,  мүмкіндігінше екі жақты  татуластыру қажет. Ал, татуласпаған жағдайда ғана ерлі-зайыптылар сотқа талап арыз  беру құқығын пайдалануы керек. Сондай-ақ заңнамамызда да ажырасудың, тұрмыстық зорлық зомбылықты азайту бағытында өзгерістер жасалуда. Мәселен жақында ғана "тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғалары бірнеше рет қайталаған жағдайда оны медиациялық жолмен татуластырмау" мәселесі көтерілді. Еліміздегі ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк отбасылық зорлық-зомбылық қайталанған жағдайда тараптардың татуласуын болдырмау жоспарланып жатқанын мәлімдеді. Өйткені көп жағдайда қазақ қоғамында «бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп отбасылық мәселелерді барынша жасырып жабудың соңы, тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының көбейіп, бірнеше мәрте қайталануының соңы қатігез оқиғаларға айналуда. Сондықтан бұл да болса заман талабынан туындап отырған, сот жүйесі мен заңнамамызға енгізіліп отырған оң өзгеріс деуге болады.

Жалпы ажырасудың алдын алу бағытында сот жүйесінде көптеген жұмыстар жүзеге асуда. Осындай тәртіппен ажырасудың санын азайтуға болады деп күтілуде.  Себебі, ерлі-зайыптылардың  ажырасу  көп жағдайларда   бала тәрбиесіне  кері әсер етеді. Сондықтан сот саласында ажырасудың алдын алу бағытында жасалып жатқан тағы бір шара Жоғарғы сот бас­тамасымен елімізде «Отбасылық сот» қа­натқақты жобасы іске асырылып, әрбір сотта «Отбасы орталықтары» ашылып жатыр.­ Онда ажырасу талабымен келген ерлі-зайып­ты­лармен психолог мамандар, татуластыру­шы судья, медиаторлар сөйлеседі, ақыл-кеңес береді. Шағымданған жандардың от­ба­сылық мәселелерін анықтап, қиындықты некені бұзбай-ақ шешуге болатын оңтайлы жол, бағыт-бағдар көрсетеді. Осындай орта­лық­тар­дың көмегімен ажырасудан аман қалған отбасы саны көбейіп келе жатқаны қуантады. 

Әрбір ата-ана   баласының жақсы тәрбиеленуіне, міндетті орта білім алуына,  дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. Ал, ата-аналарының арасындағы некенің бұзылуы  ең алдымен   балаларына  моральды жағынан ауыр тиетіні сөзсіз. Қазақстандағы әрбір баланың отбасында тәрбиеленуі және өмір сүруі, ата-ана қамқорлығына бөленуі  және олармен бірге тұруы  заңды құқығының бұзылуына жол бермеу керек.

Қалима Дуанбекова, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста