Әуезов аудандық сотына 46 жыл

Әуезов аудандық сотына 46 жыл

Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының құрылу тариxына сәйкес, сот 1972 жылы құрылған. Мұндай қажеттілік Қазақ ССР - ның сол кезеңдегі астанасы болған Алматы қаласы тұрғындарының саны жылдан - жылға көбейіп, бұрыннан келе жатқан Калинин, Октябрь, Ленин, Совет, Фрунзе атты бес аудандық соттарда қаралатын істер саны көбеюіне орай туындаған.
Әуезов аудандық соты алғашқы ашылған кезде, Алматы қаласындағы «5» ші ықшам ауданындағы екі қабатты үйде орналасқан болатын.
Соттың еңбек жолына келетін болсақ, қазіргі кездегі ғимаратына Әуезов аудандық соты 1974 жылы көшіп келген. Бұл ғимарат сотқа арнап салынған, оның орналасқан жері Алматы қаласының «2» ші ықшам ауданында, Қуанышбаев көшесі, 44-А үйде төрт қабатты әсем үй, сот қызметкерлеріне берілген.
Осы ғимаратта Әуезов аудандық сотының ұжымы 1-2 қабатында орналасқан, 3- 4ші қабатында «Сот және әділет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары» орналастырылған болатын. Бұл курс Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1971 жылғы 24-ші қыркүйегіндегі № 551 қаулысына сәйкес құрылған. Тыңдаушылардың білім дәрежелеріне қарай оқу мерзімі 1 немесе 2 айға дейін созылған.
Әрине, сот тарихын ел тарихынан бөліп қарай алмаймыз. Осы жылдар ішінде республикамыздың сот жүйесі халқымыз бастан кешкен ілгерілеу мен құлдырауды да, толысу мен тоқырауды да басынан кешірді.
Ендігі кезең, бұл ежелден еркіндік аңсаған еліміз тәуелсіздік туын енді көтерді. Егемендік алған мемлекетіміздің тарихында тұңғыш рет сот мемлекет билігінің тәуелсіз тармағы ретінде заң жүзінде нақты мәртебеге ие болып отыр. Сондықтан, Алматы қаласы республикамыздың Оңтүстік астанасы болып қалғалы бері, еліміздің экономикасы мен әлеуметтік құрылымы жағынан ең жылдам дамып келе жатқан қала болып саналады.
Осыған байланысты қазіргі кезде жылдан – жылға Алматы қаласының аумағы Батыс жағына қарай кеңеюінің әсері қаланың Батысында орналасқан Әуезов ауданының көлемі жағынан және тұрғылықты халқы санымен ең ірі аудандардың қатарына жатқызуға болады.
Бүгінгі таңда Әуезов аудандық соты қылмыстық істерді қарауға мамандандырылған, және бұл сотта сот төрелігін жүргізуде тәжірибесі мол судьялар қызмет атқаруда, олардың көпшілігі билік қызметте 10 жылдан астам жұмыс істегендер.
Атқарылған жобалардың бірі -Әуезов аудандық сотында алғашқы рет Қазақстан Республикасындағы соттардың арасында азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді бөлудің автоматтандырылған түрде тәжірбиелік жүргізу жобаны бастаған сот болып саналады. Осы тәжірбиенің барысында анықталған көрсеткіштерді талқылап, сотқа түскен істерді компьютер жүзінде бөлу, және сот жұмысын заман талабына сәйкес жақсарту үшін Республиканың барлық соттарына енгізілді.
Осы әкімшілік ғимаратта Әуезов аудандық сотының ұжымы мен әр кездері бірге мамандандырылған ауданаралық, Экономикалық, Әкімшілік, Кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі соттар құрылғанда, бастапқы кезеңдерде осы жерде орналасқан болатын.
Демек, жоғарыда айтылғандардың барлығы Әуезов аудандық сотында сынақтан өткізудегі басты мақсаты, ол құқықтық тетіктерді одан әрі тиімді пайдалануда сот төрелігін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру және сот жүйесіне замани тұрғыда қайта жандандыруға бағытталған іс-шаралар болғанын атап өтуге болады.
2016 жылдың маусым айынан бастап Сырлыбаев Қанат Кадирұлы Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының төрағасы қызметін басқаруда.

Серік Ержан
Алматы қаласы Әуезов аудандық соты


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста