Құқықтық реформа

Электронды сот жүйесі

  • Электронды сот жүйесі

    Электронды сот жүйесі

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бойынша көптеген реформалар сәтті жүзеге асырылып, нәтижесінде республикамыздың сот жүйесінің жұмысының сапасы уақыт өткен сайын артып, еліміздегі сот жүйесінде электронды сот төрелігі қарқынды дамып келеді.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Судьялардың VI съезінде атап кеткенлей: «Алдыңғы қатарлы сот тәжірибесі – бұл қазіргі сот процесінің негізі болып табылатын қағаз құжат айналымынан бас тарта отырып, электронды технологияларға көшу», – деп атап көрсеткен болатын. Расында да, бұл жүйе қазірдің өзінде тиімділігін дәлелдеп үлгерді. Электронды сот төрелігін пайдалану оңай әрі қолжетімді. Соның бірі сот жүйесінде кеңінен қолданысқа енген «Сот кабинеті» сервисі. Бұл жүйені пайдаланудың қолайлылығын азаматтарымыз ол өмірге жолдама алған алғашқы күндерден бастап-ақ аңғарды десек, қателеспейміз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің интернет-ресурсында «Талдау» форумы» атты талдамалық ақпараттық жүйені іске қосты. «Талдау» форумының түпкі мақсаты сот актілерін жүйелеу және оларға мониторинг жүргізу, нақты іс санаттары бойынша сот тәжірибесін талдау болып табылады. Сервис барлық іс санаттары бойынша сот практикасына жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сөйтіп, соттар қызметіне деген халық сенімін арттыруға бағытталған. Істер санаттарының бірыңғай жіктеуіші кодекстердің, заңдар мен республика соттарында қаралған істерді инвентаризациялау нәтижелерінің құрылымын ескере отырып құрылған. Қылмыстық істер және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша жіктеуіш Қылмыстық, Қылмыстық процестік және Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстердің тараулары мен баптарының атауларына сәйкес құрылған. Нормативтік-құқықтық базаны өзгертуге жедел ден қоюды «Талдау» форумының тиімді жұмыс істеу шарттарының бірі ретінде айта аламыз.

Соңғы кезде қазақстандық сот төрелігі жүйесі қоғам үшін неғұрлым қолжетімді әрі ашық бола түсуде. Сот істерін қарау сапасы мен жеделдігін арттырудың тұрақты үрдісі де байқалып келе жатқан оң құбылыс.

Сейдахметов М.К.

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы


 




Көрілген: 926    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.01.2019, 19:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30