Құқықтық реформа

Құқықтық саясат тұжырымдамасы құқықтық жүйені жетілдіруді көздейді

  • Құқықтық саясат тұжырымдамасы құқықтық жүйені жетілдіруді көздейді

    Құқықтық саясат тұжырымдамасы құқықтық жүйені жетілдіруді көздейді

Құқықтық тұжырымдама азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Әсіресе, бұл саяси құжатта көрсетілгендей, Қазақстан жағдайында азаматтардың өлім жазасына кесілуі жойылып, тек адамдардың өлімімен ұштасатын террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасалған ауыр қылмыстар ғана ауыр жазаға кесіледі.


Ал, аңдаусызда жаза басып, істі болған азаматтардың жазасы жеңілдетіні, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары-жүкті және асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, жасы ұлғайған адамдарға да жеңілдік жасалатыны жөнінде мақалада толық ақпар беріліп, ұлттық заңнамалардың негізгі салалары- қаржы, кеден, экологиялық, банктік, салық заңнамаларының әрі қарай дамуын талап ететін саяси құжат жайында жан-жақты оқырмандарға көптеген құқықтық мәлімет берілген. Сондай-ақ, бұл құжат жөнінде әрбір азаматтың білуі, құқықтық насихатты жандандыру жағы да басымдыққа алынғаны, әсіресе, халыққа құқықтық түсіндіруде тегін заңгерлік көмек көрсету, адвокаттық қызмет көрсетумен қамтудың мәселесін бірте-бірте шешу қажет,- деп Елбасының Тұжырымдамада қадап айтқаны көп нәрсені аңғартады.


Сонымен, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясының қағидаларын нақтылы сақтайды, бірақ заң жүзінде оны халықаралық-құқықтық құжат ретінде ратификацияламайды. Алайда берілген жайттың принциптік маңызы жоқ, өйткені біріншіден, бұл онсыз да Декларацияға сәйкес келетін, қалыптасқан құқықтық жүйеге әсер етпейді, ал екіншіден, Қазақстан Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясының негізінде және дамуы бойынша қабылданған екі құжатты: 1966 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт және сондай-ақ 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактты ратификациялады.


Қазақ мемлекеттілігі орныққан жылдар ішінде конституциялық теория негізіне салынған басты идеялардың бірі оған сәйкес Қазақстан Республикасында адамның, оның өмірінің, құқығы мен бостандығының басты қазына болып табылатын принципі болды.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қоғамды идеялық шоғырландыру Қазақстан прогресінің шарты ретінде» еңбегінде: «Біз құрып жатқан қоғамның жоғары қазынасы – оның игілігі үшін түрлендірулер басталған адам болып табылады».


Осы принципке Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған, Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Тұжырымдамасы үйлеседі, ол да жоғарыда айтылған принципке сүйенеді: «…негізгі принциптердің бірі – адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін білдіретін, адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы принципі».


Адам құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті жанында Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрылған болатын. Ол адам құқықтарының тұңғыш арнайы ұлттық мекемесі болды. Оның қызметінің негізінде адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылатын Елбасы саясатын жүзеге асыру болады. Ол өзімен мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарды ауыстырмай, адам құқықтарын қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосады. Бұл – адам құқықтарын қолдау мен қорғаудың қоғамдық және мемлекеттік механизмдерін күшейту де, осы сферада мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жасауға қатысу да, адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу де.


Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік механизмін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдер қабылдауға өз үлесін қосты. Бұл Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға, сондай-ақ БҰҰ азаматтық және саяси құқықтар туралы, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактілеріне қосылуы; халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтары бойынша халықаралық шарттар жөніндегі ведомство аралық комиссия құру; Білім және ғылым министрлігі құрылымында Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетті ұйымдастыру.


Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және оның Сараптық кеңесінің құрамына адам құқықтарын қорғау сферасында нақты тәжірибесі бар ҮЕҰ өкілдері кіреді. БҰҰ Даму бағдарламасының және ЮНЕСКО Кластерлік бюросының көмегімен Алматыда ТМД және Балтия елдерін аналогтары жоқ, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қазақ және орыс тілдеріндегі цифрлық кітапханасы сәтті іске қосылды. Ол халыққа адам құқықтарын қорғау сферасында тегін құқықтық ақпарат береді.


Өздерін мемлекеттік билік және лауазымды тұлғалар, республикадағы басқа ұйымдар тарапынан көрсетілген әділетсіз әрекеттер құрбаны санайтын жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін омбудсмен институты құрылған. Өзінің мәртебесі бойынша адам құқықтары бойынша уәкілетті тұлға нақты адамның бұзылған құқықтарын қорғайтын халықтық қорғаушы болып табылады. Ал жалпы алғанда Комиссия және омбудсмен, Қазақстанның құқықтық өрісінде бір-бірін толықтыра отырып, адам құқықтарын қорғау сферасына өз үлестерін қосады.


2008 ж. 23 сәуірде ҚР Парламенті БҰҰ жан азабына қарсы Конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялады, бірақ Хаттамамен көзделген ұлттық ескерту механизмін құру үш жылға кейінге қалдырылады деп ескертілген. 2008 ж. 11 маусымда Парламенттің келісімдік комиссиясы судьяларға рұқсат етілген қамау бойынша өкілеттіктер беру туралы заңды бекітті.


Сонымен бірге Қазақстан Республикасында адамның қоғамдағы орны, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау проблемасы толығымен және түпкілікті шешілген деп пайымдауға болмайды. Өкінішке орай, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу жағдайлары әлі де орын алады.


Әр адамның толық құқығын жүзеге асыру үшін көптеген істер жасалынып жатыр, экономикалық, әкімшілік және ювеналды соттар нәтижелі жұмыстар атқарып жатыр, қылмыстық сот ісі заңда қарастырылған жағдайларда сайланған қосшы билердің қатысуымен жүзеге асырылады. Елімізде іс жүзінде өлім жазасы жойылған. Өз сөзінде еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев бірнеше рет айтып өткендей, «біздің басты жетістігіміз Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген халықаралық стандарттарға сай келетін адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары болып табылады» .


Барлық оң жағдайларда адам құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау сферасындағы мемлекеттік институттар мен үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысы ылғи да жүйелілігімен ерекшеленбейді. Негізгі себептердің арасында – патернализм дәстүрлерінде және құқықтық нигилизмде айқындалатын, қоғамдық сана инерциясы.


Заң шығаруда және құқық қолдану механизмдерінде азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын толық көлемде іске асыруына кедергі келтіретін ақаулар бар.


Азаматтар құқықтарын іске асыру мен қорғауда қосымша проблемалар тудыратын факторлардың бірі басқаруды бюрократияландыру, сыбайлас жемқорлық болып табылады. Лауазымды тұлғаларға қойылатын талаптарды және өз міндеттерінің адал ниетпен орындалғаны үшін жауапкершілікті заң шығару деңгейінде жоғарылату қажет. Қабылданған Қызметтік этика кодексі мемлекеттік қызметкер өмірінің нормасы болуы тиіс. Қызметтік этика нормаларын бұзудың, сыбайлас жемқорлық және басқа заңға қарсы әрекеттер жасаудың мұндай жұмыскер үшін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынсыз жұмыстан шығаруға дейін маңызды салдары болуы тиіс.


Соған қарамастан, адам құқықтарының, оның мүдделерінің, ар-намысы мен абыройының, оларды қорғау мен кепілдендірудің – қазақстандық қоғамды саяси жаңарту мен демократияландырудың маңызды мақсаты Қазақстанда мемлекеттік саясаттың негіз құраушы принципі болып танылады.


Жалпы алғанда, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің өткен кезеңдегі қызметін сипаттай отырып, жүргізілетін реформалар нәтижесінде демократиялық процестер, Қазақстандағы адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, көтермелеу және қорғау саясаты тұрақты және қайтымсыз сипатты иеленді деп айтуға болады. Адам құқықтарын қорғау сферасында мемлекет қабылдаған шаралар Қазақстанның қолданылып жүрген халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен қамтамасыз етілетін, әрі қарай халықаралық гуманитарлық кеңістікке шоғырлануына мүмкіндік туғызады.


ҚазақстанРеспубликасы Конституциясында (Негізгі заң) адам және азаматтың құқықтық статусының негізін қалаушы принциптер бекітілген, атап айтқанда:


Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

Мемлекеттің өзі де, оның органдары да, лауазымдық тұлғалары да заңда қарастырылған жағдайлардан басқа кезде айыруға, шектеуге құқығы жоқ. ҚР Конституциялық Кеңесі, адам құқықтары мен еркіндігінің ажырамайтындығы адам өзіне бекітілген құқықтары мен еркіндігінен, ешкім, оның ішінде мемлекет, Конститутцияда және оның негізінде қабылданған заңдарда қарастырылған жағдайлардан басқа кезде, айырмайтынын білдіреді.


Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс.

Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның өзіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді.


Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құққытары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз. Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.


Адам құқытарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілердің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституцияның адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты.


Еркенұр Ерзия

 




Көрілген: 5464    Пікірлер: 0

сенбі, 12.05.2018, 21:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31