Құқықтық реформа

Сандық технологияның сот саласына берері көп!

  • Сандық технологияның сот саласына берері көп!

    Сандық технологияның сот саласына берері көп!

Қазақстан судьяларының VI съезінде мемлекет басшысы әділсот төрелігін дамытуда электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын.


Сондықтан, сот жүйесін цифрландыру Елбасының тікелей назарында десем артық айтқандық емес. Биылғы Жолдауында да әр саланы цифрландыру көзделіп, Президент аталмыш құжатта «Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты» екенін еске салды. Бүгінде соттарда цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, электронды сервистердің арқасында азаматтар үйден шықпай-ақ сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік алды. Бұл тұрғындардың уақыты мен қаржысын үнемдеуден бөлек, пошталық шығынға жұмсалатын бюджет қаражатын едәуір қысқартуға жол ашты. Әрине, сандық әлемнен ұтарымыз көп.

Көпшілік сот ісін жүргізуді жеңілдетіп, қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы іске қосылған «Сот кабинетінің» де шапағатын көруде. Сотқа келмей-ақ, ғаламтор арқылы сот құжатын көруге, қажетті сот актісін басып шығарып алуға мүмкіндік беретін сервиске жүгінушілердің қатары артып келеді. Осы орайда, заңды тұлғалардың талап арыздары 100 пайыз электронды түрде түсуі аталған жүйенің өміршеңдігін тағы бір дәлелдейтіндей. Сондай-ақ, «Сот кабинеті» арқылы жіберілген құжат соттың базасына тікелей түсетіндіктен бұл сот қызметкерлері мен азаматтардың байланысына тосқауыл қойып, сыбайлас жемқорлықтың жолын кеседі. Сонымен қатар, «Сот құжаттарымен танысу» сервисі де электронды сот құжаттарын көруге арналған. Сотқа жүгінген әр азамат талап арызының тіркелгені туралы талон алып, ұялы телефонға арызы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама жіберіледі. «100 нақты

қадам» – Ұлт жоспарының 20-қадамына сай, барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шаралары енгізіліп, сот процестері ашықтығына ден қойылды. Сот отырысы барысында қанағаттанбаушылық жағдайлар туа қалса, сот процесіне қатысушылардың пікірлерінің дұрыстығына көз жеткізу үшін электронды жазбаға жүгіну мүмкіндігі қарастырылған. Осы бағытта Маңғыстау соттарында сот процестері әділ өтуі үшін барлық сот мәжіліс залдары бейне және аудио жазба құрылғыларымен толық жабдықталған.

Қорыта айтқанда, мұның барлығы сот жүйесін цифрландыру мақсатында ел игілігі үшін жүргізілген жұмыстардың бір парасы ғана. Соттағы жаңару мен жаңғыру бағытында жүргізілген мұндай жемісті шаралар, оның ішінде цифрлы технология елімізді әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосатын басты жолға айналмақ. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 4032    Пікірлер: 0

жұма, 25.05.2018, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30