Құқықтық реформа

Сот жүйесінің абыройы – биліктің абыройы

  • Сот жүйесінің абыройы – биліктің абыройы

    Сот жүйесінің абыройы – биліктің абыройы

Соңғы жылдары сот саласында жасалынған жүйелер мен жаңашылдықтардың нәтижесінде саладағы мәселелер шешіліп, жаңғырып, жақсы бағытқа қарай өзгере түсті. Жолдауда жүктелген тапсырмалар мен Ұлт жоспарында берілген міндеттемелерді орындаудың нәтижесінде сот құрылымының жұмысы жаңа сипатқа ие болды. Жаңа технологияларды қолданудың көмегімен сот қызметі ашық, жедел, қолжетімді бола түсті.

Сот отырыстары 100 пайыз үн-­бейнетаспаға жазылатындықтан сот мәжілісі хатшыларының жұмысы жеңілдеді. Қағаз құжат айналымы азайғандықтан, қаржыны үнемдеуге де мүмкіндік туды. Жаңа технология азаматтардың сотқа келуін міндеттемей, арыз­-шағымын «Сот кабинеті» арқылы үйінен, кеңсесінен шықпай-ақ жолдауына жол ашты. 

Ал, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Елбасының кезекті Жолдауы сот құрылымына да үлкен міндеттер жүктейді. Бұл құжатта үшінші жаңғыруға тірек болар бес тетік ұсынылды. Яғни,Жолдау халыққа жолданған соң жолдауды басшылыққа ала отырып, қаржы секторын тұрақтандыру, бюджеттік саясатты жетілдіру, жекешелендіру мен экономикалық бәсекелестікті нығайту, жаңа инвестициялық және әлеуметтік ортаны қалыптастыру бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізілді. Мұның барлығы еліміздегі заңнамаларға өзгеріс енгізуді талап етіп, құқықтық саладағы іс-қимылдарды пысықтауға ықпал етері анық. 


Атап айтарлығы, ел сот жүйесінің үш сатыға көшуі еуропалық стандартқа сай. Себебі, үш сатылы жүйенің қолайлылығы мен істің ұзаққа созылуын болдырмайтыны тәжірибеде дәлелденуде. Мемлекет басшысы жариялаған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамға» сәйкес, қазақстандық сот жүйесі жаңғырып, сот төрелігіне деген сенім артуда.

Қазіргі таңда ата-бабамыз аңсаған тәуелсіз мемлекетіміздегі тәуелсіз сот жүйесінің ойдағыдай жұмыс жасауына толық жағдай туғызылғанын ашып айта аламыз. Заңдылық пен әділеттілік өркениетті елдің тірегі болса, оны іс жүзінде қамтамасыз ету әр судьяның, әр сот қызметкерлерінің басты міндеті. Осыған орай судьялар мен кеңсе қызметкерлеріне үнемі сот жүйесінің антына адал болу, білімдерін жетілдіріп отыру, тек заң мен арды басшылыққа ала отырып сапалы жұмыс жүргізу, халықпен байланыс кезінде ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету міндеттері қойылып келеді.


Гүлнар ҚЫДЫРМҰРАТОВА,. Алматы қаласы Бостандық аудандық. №2 сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы.




Көрілген: 892    Пікірлер: 0

сенбі, 29.09.2018, 01:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31