Құқықтық реформа

Тәуелсіздік басты жетістігіміз

  • Тәуелсіздік басты жетістігіміз

    Тәуелсіздік басты жетістігіміз

Қай кезеңде болса да еліміз үшін, халқымыз үшін әрқашанда заңның орны ерекше, маңызы да өте зор.

Ең бастысы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негізін қалаған Тәуелсіз Қазақстанымызға 25 жыл толды. Халқымызда «елу жылда ел жаңа», - деген қанатты сөз бар. Ал біз елу жыл емес, 25 жылдың ішінде қиындықтарды женіп, дамыған елдердің қатарына кірдік.


Бұл Елбасының көреген саясатының, батыл жоспарлары мен тарихи шешімдерінің және оған қолдау көрсеткен халқымыздың бірлігінің арқасында келген үлкен жеңіс. Осы ұлы мерейтой қарсаңында Президентіміздің тарихи тұлғасын ашатын, егемен еліміздің даму жолын көрсететін келешек ұрпақтарға мұра болып қалатын жетістік.

Қазақстанымыз тәуелсіздік алған бірінші күннен бастап президенттік басқарудың арқасында өз даму жолымызды қалыптастырып, өте биік табыстарға жеттік. Елбасымыз, айтқандай жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам орнаттық. Елбасымыз бұл өзгерістерді алдын-ала жариялап, бір ел, бір тағдыр болып, ортақ шешім қабылданды.

Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрқашанда халықпен бірге болып, тарихты бірге жасаған салиқалы саясатының жемісі.

Президентіміз екінші сессияның ашылуында алға қойған стратегиялық тапсырмаларды жүзеге асыруға да белсене араласты.

Себебі бұл Жолдау «Қазақстан» - 2050 даму бағдарламасын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асырудың және дамыған 30 елдің қатарына кірудің стратегиялық жоспары. Оны тиімді жүзеге асыру – абыройлы міндеті. Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы» да қоғамда өте жоғары деңгейде қабылданды.

Дәл биыл Елордамыз Астана қаласында 160 жылдан астам тарихи бар, әлемге әйгілі ЭКСПО көрмесі өтіп жатыр. Осы көремені өткізу ол өзі – кез келген мемлекет үшін зор абырой және биік мәртебе. Бұл ең біріншіден, әлем елдерінің біздің Қазақстанға деген үлкен сенімнің және үлкен құрметінің көрсеткіші.

Бұл тұңғыш Президентіміз, әлемдік деңгейдегі саяси тұлға Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық беделінің арқасында келген үлкен жеңіс. Елбасының алға қойған стратегиялық міндеттерін орындау – біздің егемен елімізді әлі талай жеңістіктерге және табыстарға жеткізетіні сөзсіз.

Диханбаева Назира

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының маманы


 




Көрілген: 1090    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.12.2018, 18:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31