Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең

Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең

Биыл тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толса, осы егемен елдің құқығы мен бостандығын сақтап, қауіпсіздігіне кепіл болып отырған Конституциясының қабылданғанына 26 жыл толып отыр. Ата заң еліміздегі барлық саланың дамуына, қоғамдағы қарым-қатынастардың заңды жолмен реттелуіне толық кепілдік берді. Соның ішінде Конституция отандық соттың жандануына серпін берді.

Бас құжатта сот пен судьялардың жұмысын реттеп, жүйелеудің тетігі жасалған. Сол арқылы азаматтарды мінсіз қорғау, қауіпсіздігін сақтау, мүддесін таптатпау мақсаты көзделген. Мәселен Конституцияның 14-бабының бір тармағында "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең" екені белгіленген. Бұл халықтың өзіне деген сенімін арттырып, құқығын мемлекет қорғайтынын нақтылайды. Сонымен бірге, осы баптың екінші тармағында: "Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды" деп шегеленіп көрсетілді. Бұл да өркениетті, құқықтық мемлекетте адам құқығының басты назарда екенін дәлелдейді.

Ата заңымызда соттар мен сот төрелігінің жұмысы VII бөлімге жинақталған. Мұндағы 75-бап "Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратынын" нақтылайды. 77-бап арқылы мемлекеттегі сот төрелігінің маңызы мен мәні белгіленген. Онда көрсетілгендей "Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады", бұған қоса осы баптың екінші тармағы "Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейтінін" заңдық тұрғыдан бекіткен.

Мұндай талап не үшін керек? Ең алдымен сот - сөйлейтін заң. Даудың ақ-қарасын ажыратып, тура төрелік ету тапсырылған судья өзінің әділ шешімі арқылы халықтың сотқа ғана емес, мемлекетке деген сенімін қалыптастыруы міндет. Тәуелсіздік алған кезден бері сот саласы осы бағытта жұмыс жүргізіп

келеді. Азаматтардың құқығы мен бостандығын мінсіз қорғап, елде заң үстемдігін орнату үшін отандық сотта түрлі реформалар қолға алынды. Алқабилер сотының енгізілуі, "Медиация туралы" заңның қабылдануы, мамандандырылған соттардың пайда болуы, судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың күшейтілуі, жария-құқықтық дауларды сапалы шешу үшін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылдануы сот жүйесіндегі соны жаңашыдықтар. Бұл бастамалардың барлығы саланы жаңа биікке көтерді, жұмысын жандандырды, халықтың сот қызметіне деген сенімін нығайтты.

100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарында, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында, республика судьяларының әр төрт жыл сайын өтетін съездерінде берілген тапсырмалардың да сот құрылымына үлкен өзгеріс, оң нәтиже әкелгені анық.

Гүлжан Имансерикова,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста