Құрбан айт - 2014

Құрбан айт намазына жаяу бару керек пе?

  • Нұрғиса Елеубеков (фото)

    Нұрғиса Елеубеков (фото)

Кейбіреулер айт намазына жаяу бару керек, намазға барарда тәкбір айту міндетті деп жатады. Бұл қаншалықты дұрыс?

Ермахан,
Теміртау қаласы

Айт намазына жаяу бару және жаяу келу сүннет болып табылады. Ислам ғалымдарының көбі адамның айт намазына жаяу баруын абзал санайды. Егер қажеттілік болмаса, мешіт жақын болса, лажы болса айт намазына жаяу барған дұрыс. Ал егер айт намазын оқитын орын алыс болса, оған көлікпен барудың еш сөкеттігі жоқ. Негізі айт намазына мешітке бара жатқанда тәкбір айтқан дұрыс. Ораза айтта тәкбір іштен, ал құрбан айтта тәкбір жария түрде, дауыстап айтылады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да тәкбірлерді үйінен шыққанда және айт намазы оқылатын жерге дейін айтатын болған. Тәкбір былай айтылады: "Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар! Лә иләһә иллалла! Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, уә лилләхил хамд". (Мағынасы: Алла Ұлы, Алла Ұлы! Алладан басқа Тәңір жоқ! Алла Ұлы, Алла Ұлы, әрі Аллаға мақтау-мадақ!). Құрбан айтта тәкбірдің ең жеңіл түрі: "Аллаһу әкбар! " деп іштей мешітке жеткенше айта берсе де болады. Не болмаса, тек "Лә иләһә иллалла" деп те тәкбір айтуға болады. Бұл ретте біз бір нәрсені ерекше ескеруіміз керек. Айт намазына барған жолмен қайтарда жүрмеген абзал. Себебі айтқа байланысты бір хадисте: "Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айт күні мешітке барған жолмен қайтпай, басқа жолмен қайтатын еді", - делінген. Демек айт көпшілікпен дидарласып, кең ауқымда өткізілетін мереке.




Көрілген: 3159    Пікірлер: 1

сейсенбі, 23.09.2014, 11:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек 2014
    Айттық деген не?
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт намазы
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт батасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30